Қауіпсіздікке айрықша мән беріледі

743
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына Ұлттық қауіпсіздік коми­те­тінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО – 2017» халық­ара­лық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі және осы ке­зеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мәселесін толық ба­қылау­ға алу қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі мау­сымның 10-ы күні баста­лады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*