Экономикалық байланыстар күшейіп келеді

801
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасының пре­зиденті Милош Земанмен кездесті.
Мемлекет басшысы Чех Респу­бли­касының президентіне «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашы­луына қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
– Сіздің 2014 жылы Қазақстанға келген сапарыңыз есімде. Содан бері елдеріміз арасында көп жұмыс ат­қарылды. Саяси және экономика­лық салада екіжақты қатынастардың да­муы оң қарқын алып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы М.Земан­­ның мемлекет қайраткері ретінде күн тәртібіндегі түрлі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша өзінің жеке пікірі бар екенін, ол әрдайым осы арқылы ерекшеленетінін атап өтті.
Чех Республикасының прези­денті өзімен бірге кәсіпкерлер тобы­ның келгенін, олардың эконо­микалық байланыстарды дамытуға, Қазақстан экономикасының түрлі салаларына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.
– Чехия Үкіметі алдында сөйлеген сөзімде «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қатысу қа­жеттілігін айтқан болатынмын. Өйт­кені оны өте маңызды іс-шара деп санаймын. Оның үстіне біз Қа­зақстан­ды өңірдегі көшбасшы ре­тінде қарастырамыз,– деді М.Земан.
Сондай-ақ Чех Республика­сының президенті Астананың әсем қала екенін айтып, Н.На­зарбаев­тың бастамасымен салынған Қа­зақстан астанасының келбетінде көрініс тапқан архитектуралық идеяларды жоғары бағалады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*