Көрменің ашылуын ұйымшылдықпен өткіздік

882
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқ­талып, азаматтардың қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап өтті.
– Жалпы, жағдай жақсарып келеді. Қылмыс жасау 16 пайызға азайды. Оларды ашу көрсеткіші 60-тан 70,2 пайызға көтерілді. 26 мың адамға рақымшылық жасалып, 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды, – деді Қазақстан Президенті.
Ішкі істер министрі «ЭКСПО – 2017» халықаралық маманданды­рылған көрмесін өткізу кезінде Астанадағы құқықтық тәртіпті қам­­та­масыз ету барысында қабыл­данып жатқан шаралар туралы баян­дап, ішкі істер органдарындағы ре­формалардың нәтижелері жөнінде айтты.
Елбасы «ЭКСПО – 2017» халық­аралық мамандандырылған көр­месінің ашылуында тиісті қауіпсіз­дікті қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау органдарының барлық қыз­меткерлеріне ризашылық білдірді.
– Көптеген мемлекеттер басшы­лары мен қонақтар қатысқан «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашы­луында қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еліміздің бүкіл полиция қыз­метіне, Ұлттық қауіпсіздік комите­тіне, «Сырбар» сыртқы барлау қыз­метіне және басқа да органдарға алғыс айтамын. Біз көрменің ашы­луын ұйымшылдықпен өткіздік, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев мұндай іс-шараларды өткізу кезінде қауіп­сіздікті қамтамасыз етудің айрықша күрделі мәселе екеніне тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жоғары бағалады.
– Астанаға облыстардан адамдар жіберілді. Офицерлердің барлығы белгіленген орындарынан табыла білді. Әрқайсысы өзіне тапсырылған іспен айналысты. Барлық салада да кәсібиліктің жоғары деңгейі қам­тамасыз етілді, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесу соңында Елбасы бірқа­тар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*