Күн тәртібі белгілі болды

964
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, онда қалаулылардың алдағы жалпы отырысының күн тәртібі анықталды.
Ол бойынша депутаттар «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» қолданыстағы заң жобасына түзетулерді бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Бұл жобаны депутаттар жазып шыққан. Ол мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін одан ары жетілдіру мақсатын көздейді.
Сондай-ақ Мәжіліс бірінші оқылымда жарнама мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді де талқылайды. Бұл жоба жарнама қызметін мемлекеттік реттеуді жүйелеуге бағытталған. Соның ішінде осы саладағы бұзушылықтардың жолын кесуді қарастырады.
Сонымен бірге, Мәжіліс депутаттары назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылмақ. Олардың қатарында Сербиямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, сондай-ақ ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттар бар.

Бөлісу:

Пікір жазу


*