Көлік-логистика саласы – басты назарда

828
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Ричард Эванспен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан Прези­дентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет ұсынылып, холдингті трансформациялау барысы туралы есеп берілді.
Тараптар акционерлік қоғамды одан әрі дамыту перспективалары мен оның тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Ричард Эванс Қазақстанның көлік-логистика саласының өзекті мәселелерін және Астананың өңірлік көліктік хаб ретінде қалыптасу мүмкіндіктерін талқылады.
Еліміздің экономикалық даму үдерісіндегі өскелең ұрпақтың рөлін арттыру мәселелері де қаралды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*