Екіжақты кездесулер өткізілді

1003
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Шетелдік инвес­торлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысу кезінде бірқатар халықаралық компания басшылары­мен бірлескен келіссөздер жүргізді.
Атап айтқанда, Қазақстан Президенті «Эни С.п.А.» компания­сының бас атқа­рушы директоры Клаудио Дескаль­цимен, «Ройял Датч Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және «ЛУКОЙЛ» компа­ниясының пре­зи­денті Вагит Алекпе­ровпен әңгіме­лесті.
Келіссөздер барысында компа­ния­лардың Қазақстанның мұнай-газ саласындағы қызметінің негізгі бағыт­тары талқыланып, Қарашы­ғанақ пен Қашаған кен орындарын игеру үдерісін одан әрі үйлестіру мен жоспарлаудың өзекті аспектілері қаралды.
Компаниялар басшылары Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы табысты екенін атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа респуб­ликада қолайлы инвестициялық ахуал жасағаны үшін алғыс айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*