БАҒА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ

773
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады.

Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.
Елбасы курорттық аймаққа келу­шілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, турис­терге көрсетілетін қызметтердің сапа­сын жақсарту бойынша шаралар қабыл­дауды тапсырды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті.
– «ЭКСПО – 2017» көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген турис­тер келді, соның ішінде шетел­діктер де бар. Бірақ экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар адам­дардың демалуы үшін жақсы жағ­дай жасаған жөн, – деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңызды­лығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты.
М.Мырзалин Қазақстан Прези­дентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұры­лымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныстырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*