Президент пәрмен берді

898
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста киберқауіпсіздікті қамта­масыз ету мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте киберқауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті.
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемле­кеттің барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда цифрлық технологияларды дамыту мақсатын қойдым. Оның пайдасы зор, бірақ оны енгізумен бірге кибершабуылдар жасау қаупі де туындайды. Сол себептен Қазақстан оған дайын болуға тиіс, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылар назарын еліміздегі және әлемдегі террористік топтардың дес­труктивті әрекеттерінің салдарларына аударып, оларға қарсы тиімді жұмыстар жүргізуді бір жолға қою қажеттігін айтты.
Соңында Мемлекет басшысы бір­қатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*