Ынтымақтастық жанданады

1187
0
Бөлісу:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин EXPО – 2017 көрмесіндегі Латвия павильонында өткен «Жаһандық көлік бағдарларының перспективалары. Еуразия әлеуеті» халықаралық конференциясына қатысып, баяндама жасады. 

Конференция жұмысына Латвия пре­зиденті Р.Вейонис, хабарламалар ми­нистрі У.Аугулис, Латвия темір жолдары прези­денті Э.Берзиньш, «Қазақстан темір жо­лы» ҰК» АҚ басшысы Қ.Алпысбаев қатысты.
Премьер-министрдің бірінші орын­басары А.Мамин көлік саласында өзара тиімді серік­тестікті орнатудың алаңы болып табылатын бұл конферен­цияның маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстан мен Латвияның сапалы көлік ин­фрақұрылымы жеткізу уақытын қысқар­тып, Еуропа мен Азия арасындағы жүк ағы­нын ұлғайтады, – деді А.Мамин.
Оның айтуынша, Қытай, Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің Еуропалық одақпен сауда-экономикалық қаты­настарының сәтті дамуы­ның айнала­сын­да көлік-логистика саласында әлеуеті зор латвиялық тараптарды белсенді ара­­­­лас­ты­рып, Ұлы Жібек жолы жаһандық жо­ба­­­сын одан әрі дамыту мәселесі өзекті болып тұр.
А.Мамин «Қазақстандық тауарларды Латвия арқылы Еуропа нарығына, теңіз порт­тары арқылы Балтық-Скандинавия на­рығына және латвиялық жүкті Қа­зақстан арқылы Орталық, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне жеткізу Қазақстан мен Латвия ынтымақтасты­ғының әлеуеті зор екендігін көрсетеді», – деп айтты.
«Осы орайда Вентспил айлағындағы ас­тық терминалы, «Балтика транзит» контей­нерлік пойызы сияқты бірлескен жо­балардан өзге көлік-логистика сал­а­сын­да жаңа жоба­ларды жасауымыз керек» деді А.Мамин.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары айтқандай, «Қазақстан Үкіметі әкімшілік кедергілерді барынша азайтып, көлік бағдар­ларында қызметті жоғары­латуды тапсырды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көлікке қатысты жеке блок бөлінген».
Сөз соңында А.Мамин транзиттік-көлік әлеуетін дамытып, ұзақмерзімді және өзара тиімді серіктестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға жол ашатын бұл конференцияның сәтті өткендігін баса айтты.
Латвия президенті Раймондс Вейонис­тің айтуынша, «Қазақстан мен Латвия қарым-қаты­насында транзиттік-көліктік ынты­мақ­тас­тықты дамыту – маңызды саланың бірі».
«Қазақстан біздің еліміз үшін сенімді әрі маңызды серіктестердің қатарынан саналады. Биылғы жылы Қазақстан мен Латвия ара­сындағы дипломатиялық қарым-қаты­настың басталғанына 25 жыл толады. Осы ширек ғасырда біздің елдеріміз саяси тығыз қарым-қатынас орнатып әрі экономикалық ынты­мақтастықты табысты жүргізді. Бұл өз кезе­гінде болашаққа берік негіз қалап, ортақ мақсаттарға бірлесе жетуге мүм­кіндік әпереді» деп атап өтті Латвия президенті.
«Жаһандық көлік бағдарларының перс­­пективалары. Еуразия әлеуеті» ха­лық­аралық конференциясы EXPО – 2017 алаңында Транзит және логистика ап­та­лығы аясында өткізілді.
А.Ахметқазы

Бөлісу:

Пікір жазу


*