Ынтымақтастықты талқылады

1312
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында, ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен жеке кездесті.

Мемлекет басшысы Достастық ел­дерінің қауіпсіздік органдарының бас­шыларына Қазақстандағы әріптестерімен тығыз байланыс орнатып, өзара жемісті іс-қимыл жасап келе жатқаны үшін риза­шылығын білдірді.
Әңгіме барысында Қазақстан Пре­зиденті өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнаулы құрылымдардың ха­лықаралық деңгейде ынтымақтасуы мен өзара іс-қимыл жасауының маңызды­лығын атап өтті.
– Алдымызда ортақ міндеттер тұр. Өзара ынтымақтастықта болуымыз қажет. Қазір күрделі кезеңде өмір сүріп жат­қандықтан, бір елдің проблеманы жеке-дара шешуі де қиын. Елдеріңіздің пре­зиденттерімен жақсы қарым-қаты­настамын, сондықтан барлық мәселені бірлесе шешіп келеміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет басшысы ТМД елдері арнаулы органдарының жетек­шілеріне салтанатты шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, сол елдердің басшы­ларына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*