Сананы жаңғыртудың жаңа жолдары

301
0
Бөлісу:

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Алматы қаласындағы Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қоғамдық сананы жаңғыртудың келешегі мен механизмдері» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға «Ғылым ордасы» гуманитарлық институттарының магистранттары мен докторанттары, ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сарапшылар тобының мүшелері, қоғам өкілдері мен журналистер қатысты.

Ғалымдар бас қосқан дөңгелек үстел басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдар­ла­ма­лық мақаласында қойыл­ған қоғам­дық сананы жаңғырту­дың алдағы келешегі мен маңызды ме­ха­низ­м­де­рі талқыланып, ғылыми қызмет­кер­лер қоғамдық сананы жаңаша қалыптастырудың жолдары туралы өз­дерінің пікірлерін ортаға салды. Жиын­ның модераторы Филосо­фия, сая­саттану және дінтану инс­ти­­тутының сая­саттану бөлімінің меңгерушісі, фило­со­фия ғылым­да­рының докторы Мұхтарбек Шай­ке­мелев кіріспе сөзді Фило­со­фия, сая­саттану және дінтану институты директоры, саяси ғылым­да­рдың док­торы, профессор Ақан Би­жа­нов­­қа берді.
Негізгі баяндамаларды осы бі­лім ордасының философ ғалым­да­ры жасады. Философия, саясаттану және дінтану инс­ти­туты дирек­то­ры­ның ғылыми жұ­мыс бойынша орын­басары, философия ғылым­да­ры­ның докторы, профессор С.Нұр­­мұратов қоғамдық сананың жаң­ғырудың әлеуметтік-фило­со­фия­лық аспектілеріне жан-жақты талдау жасады. Одан кейін мінберге шыққан Фило­софия, саясаттану және дінтану инсти­тутының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профес­сор Е.Бурова «Қоғамдық сананың жаң­ғыруы: механизмдері мен жү­зе­ге асыру жолдары» деген тақы­рып­­та, Философия, саясаттану және дінтану институтының же­тек­ші ғылыми қыз­мет­кері, фи­ло­со­фия ғылымдарының канди­даты, доцент Д.Ешпанова «Қазақ­стан­­да­ғы жаңғырудың әлеуметтік-саяси өл­­шемі» атты тақырыпта баяндама жасады.
Қоғам өміріндегі барлық сала­ны көрсететін әртүрлі рухани құбылыстар қоғамдық сананың жиынтығын біл­діреді. Қоғамдық сананың негізгі ны­сан­дары мораль, өнер, дін, философия, ғылым, сая­сат, құқық. Қоғам­дық сананың барлық түрлері мен нысандары өзара іс-қимыл жасай­ды және тұрақты түрде бір-біріне ықпал етеді. Идеология жүйе ретін­де идеялар мен теориялар, құнды­лық­тар мен нор­малар, идеалдар мен үрдістер қоғамдық сананы жаңғыртуда ерекше орын алады. Дөңгелек үстел бары­сындағы әңгі­ме­лер мен пікірталастар осы бағыт­та өрбіді.

Қайыр ТӨТЕНШИН

Бөлісу:

Пікір жазу


*