Иордания – стратегиялық серіктесіміз

1076
0
Бөлісу:

Халықаралық мамандырылған EXPO – 2017 көрме аясында Иордания Хашимит Корольдігінің Ұлттық күні аталып өтті. Іс-шараға Қазақстандағы Иордания елшісі Ахмад Идрис Иннаб қатысты. Елшінің айтуынша, Иордания азаматтары EXPO – 2017 көрмесі барша адамзаттың ең табысты инновациялық жетістіктерімен танысу үшін керемет мүмкіндік деп есептейді.

– Көрме әлемнің барлық ха­лық­тарын өмірдің барша саласын дамыту мен бірігуге жағдай жасай­тыны сөзсіз, – деді Ахмад Идрис.
Ауыл шаруашылығы министр­лігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев Қазақстан Тәуелсіздік алғалы Иорданиямен достық қа­рым-қатынас орнатқанын атап өтті.
– Екі ел арасындағы диплома­тиялық қарым-қатынас 1993 жылы ақпан айында орнады. Содан бері Иордания – стратегиялық серіктестеріміздің бірі. Екі ел ара­сын­дағы достық қатынасты ныға­й­ту әрекетінің бір көрсеткіші – үкі­метаралық комиссияның құрылуы. Комиссияның тең төрағасы – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов. Комиссияның соңғы отырысы 2016 жылдың 7-8 қыркүйегінде өтті, – деді жауапты хатшы.
Қазақстан мен Иордания ара­сындағы серіктестік фарма­цевтика, энергетикалық сектор және ауыл шаруашылығы саласында дамып келеді.
Иордания Ұлттық күнінде 1995 жылы құрылған Амман қаласының ұлттық музыка ансамблі өнер көр­сетті. Ол Кувейттегі Маурут фести­валінің жүлдегері және көптеген беделді мара­паттарға ие. Артистер «Ребаб» және «Шебаб» секілді ұлттық музыкалық аспаптарымен өнер көрсетіп, Jordan Dabka сияқты ұлттық биін биледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*