Әл Фейсал: куәгер және шейіт

276
0
Бөлісу:

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейінде Сауд Арабиясының королі Фейсал ибн Абдулл Әзиз әл Саудтың жеке коллекциясы негізіндегі «Әл Фейсал: куәгер және шейіт» атты көрме ашылды. Аталмыш шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен король Фейсал атындағы Исламдық зерттеулер орталығымен бірлесе ұйымдастырылғанын айта кету керек. Шараны Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев құттықтау сөзбен ашып, көрменің ел ынтымақтастығын арттырудағы маңызын атап өтті. 

Ашылу салтанатына қатысқан король Фейсал атындағы Исламдық зерттеулер орталығының төрағасы Сауд Арабия Корольдігінің ханзадасы Турки Ибн Фейсал аль Сауд алғысын білдіріп, мәдени-рухани жақындық әлеуеті арттыруға ықпал ететінін айтты. Музей директоры Нұрсан Әлімбай мемлекеттік орталық музейі түрлі елдердің кешегі әрі бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстыру мақ­са­тында іс-шаралар мен көрме­лер­ді өткізіп келетінін тілге тиек етті. Сауд Арабиясы тарихының жарқын тұстарынан сыр шертетін көрмеде Сауд Арабиясының үшінші королі Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Саудтың (1906 – 1975 жж.) тұтынған жеке заттары мен оған қа­тыс­­ты мұрағаттық құжаттары таныс­ты­­рылған.
1964-1975 жылдары билік құрған Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Сауд «Сау­дит­тер» әулетінен шыққан. «Сау­дит­­тер» әулеті – шамамен 1446 жылдан бастау алады. Қазіргі таңда елдегі абсолютті билікке ие жалғыз отбасы, ал Сауд Арабиясы әулет атымен ата­ла­тын әлемдегі үш елдің бірі
(басқалары — Лихтенштейн және Иордания). Сауд Арабия Корольді­гі­нің ханзадасы Турки Ибн Фейсал аль Сауд король Фейсалдың билігі жүрген дәуірдің мұрасы ұланғайыр, жаһан­да­ну­ға бағытталған ауқымды рефор­­маларды жүргізудің нәтижесі­н­де Сауд Арабия­сының қоғамы түбегейлі өзгер­ге­­нін тілге тиек етті. «Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ортақ дүниелер көп. Діни, рухани-мәдени тұрғысынан да жақындығымыз бары анық. Ұлттық құндылықтарды сақтау бүгінгі таңда бүкіл әлемде көкейкесті мәселе» дей келе, Фейсал ибн Абдул-Әзиз әл Сауд дарынды басшы, дара тұлға болғанын, елі үшін тындырған әрбір ісі халықаралық деңгейде терең танып білуге, зерттеп зерделеуге әбден лайық екенін жеткізді.
Мәдениет және спорт министрлі­гі­нің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев бұл мәдени шара ең әуелі Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтыл­ған басты мәселе өзге елдермен мәдени байланысты нығайтуға ықпал ететініне тоқталды. Көрме 28 тамызға дейін жалғасады.
Ақбота ИСЛӘМБЕК

Бөлісу:

Пікір жазу


*