Даму көрсеткіштері экономиканың өсімін айғақтады

841
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шы­сы­на биылғы 7 айдың қорытындысы бойын­ша Үкіметтің атқарған жұмысы жө­нінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті еліміздің эко­но­микалық даму көрсеткіштері өсіп келе жат­қанын айтып, мемлекеттік және са­лалық бағдарламаларды одан әрі іске асыру­дың маңыздылығын атап өтті.
– Менің тапсырмам бойынша елі­міз­дің бірнеше өңірін аралап шықтыңыз. Жал­пы, тұрақты ахуал байқалуда. Ал­ды­мыз­да егін ору науқаны тұр. Оны тиісті дең­гейде жүргізуіміз қажет, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаевқа 7 айдың қо­ры­тындысы бойынша экономиканың даму барысы және бағдарламалардың ара­лық нәтижелері жөнінде мәлімделді.
– Экономикалық өсім 4,2%-ды құрап отыр. Өндіріс саласындағы көрсеткіштер мұ­най өңдеу деңгейі төмендеген Қы­зыл­орда және Маңғыстау облыстарынан бас­қа еліміздің барлық өңірінде 100 пайыз­дық мөлшерден асты. Біз қазіргі уа­қытта бұл өңірлерге жаңа резерв көз­дерін жұмылдыру мәселесі бойынша жұ­мыстар жүргізіп жатырмыз.
Негізгі капиталға инвестиция тарту мә­селесі былтырғы осы кезеңмен салыс­тыр­ғанда 3,7% өсім көрсетті.
Барлық өңірлерде көрсеткіштер жақ­сы. Инфляция деңгейі биылғы маусым айы­мен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Азық-түлік бағасы 0,5%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап отыр, – деп баяндады
Б.Са­ғынтаев.
Сонымен қатар Премьер-министр ин­дуст­рияландыру бағдарламасының іс­ке асырылуы жөнінде есеп берді. Оның ая­сында биылғы бірінші тоқсанның қо­рытындысы бойынша 31 жоба іске қо­сылды. Б.Сағынтаевтың мәліметіне сәй­кес, екінші тоқсанда жаңа 10 мың жұ­мыс орнын қамтитын 100 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
– Экономиканың өсуіне «Нұрлы жол» бағ­дарламасының іске асырылуы зор үлес қосып отыр. Биыл автомобиль жол­дары­ның құрылысына 356 миллиард теңге қарас­тырылған. Сондай-ақ қазір 600 ша­қырым жол іске қосылды. Жыл соңына дейін 469 шақырым жол ақылы болмақ. Алғаш рет осындай жүйеге қосылған Ас­тана – Бурабай тас жолы жылына 1,5 мил­лиард теңгеге дейін пайда әкеліп, оның құрылысына жұмсалған қаражатты ақтап отыр. Қазір Астана – Теміртау тас жолын осы жүйеге қосу жұмыстары жүргізілуде, – деді Премьер-министр.
Сондай-ақ Б.Сағынтаев «Нұрлы жер» бағ­дарламасының орындалу нәтижелері туралы баяндады. Оның аясында биыл 10,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жос­парланған. Премьер-министрдің мәлі­ме­тіне сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қо­рытындысы бойынша 5,5 млн шаршы метр­ді қамтитын құрылыс жұмыстары аяқ­талған.
Мемлекет басшысына ауыл шаруа­шы­лығындағы бағдарламалардың іске асы­рылуы туралы есеп беріліп, ел эко­но­микасын несиелендіру жөнінде мәлімет ұсы­нылды.
Соңында Қазақстан Президенті Үкі­мет пен әкімдердің алдына қойылған мін­деттерді орындауды жалғастыруды тап­сырып, бұл ретте өсімнің оң қарқынын сақ­таудың және бөлінген қаражатты иге­рудің маңыздылығына тоқталды.
– Үкімет қызу жұмыс жүргізіп отыр деп есеп­­теймін. Жылды жақсы нәти­же­лер­мен қо­рытындылау үшін бәріңізді ұйым­шыл­дықпен жұмыс істеуге шақыра­мын. Тәуе­келді тұстар да жоқ емес. Энер­гия тасы­мал­даушыларымызға, шикізат өнім­деріне де­ген бағаның өзгерісі. Бәл­кім, Батыстың Ре­сейге қатысты санк­ция­лары әсер етер. Осыны ескеру қажет, – деді Елбасы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*