National Geographic фильм түсірді

952
0
Бөлісу:

National Geographic телеарнасы Астана туралы 45 минуттық деректі фильм түсірді. Фильмде Хан шатыр, Бәйтерек, Н.Назарбаев атындағы халықаралық Астана әуежайы, сондай-ақ жаңа теміржол вокзалы сияқты Астана қаласының ерекше сәулет нысандары көрсетіледі. Фильм барысында негізгі назар әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат – EXPO – 2017 көрмесінің архитектуралық символына айналған «Нұр әлем» павильонына аударылады. Деректі фильм – Дубайдағы «Бурдж-Халифа», Куала-Лумпурдағы Петронас, Ла-Манш бұғазындағы Еуротоннель сынды әлемнің атақты ғимараттарының құрылыс тарихы көрсетілетін «Мега ғимараттар» деректі сериалының бір эпизоды.

National Geographic Partners, Еу­ропа – Африка бөлімінің атқарушы вице-президенті Дебора Армстронг фи­льмнің Еуразия аумағында 2 жыл бойы көрсетілетінін айтты.
– Фильмнің тұсаукесері негізгі National Geographic channel арна­сын­да өтеді және Ұлыбритания, Ита­лия, Испания, Польша, Син­га­пур, Үн­діс­тан секілді барлық Еу­ра­зия аума­ғын­да екі жыл бойы көр­се­ті­леді, – деді ол.
Фильмнің алғашқы көр­се­тілімі EXPO – 2017 халықаралық ма­ман­дан­дырылған көрмесі аясын­да Ұлт­тық күн сахнасында өтті. Фильм­­нің әлемдік тұсаукесері 10 та­мыз күні 40 мем­лекетте 22 тілде көр­сетіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*