Қазақстан әлемді бір орталыққа жинады

818
0
Бөлісу:

EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне ресми Беларусь Республикасының вице-премьері Анатолий Калинин келді. Ресми іссапармен келген вице-премьер EXPO – 2017 көрмесі Қазақстанның экономика, энергетика және мәдениет саласындағы соңғы жетістіктерін көрсететінін атап өтті.

– Көрме ерекше әсерге бөледі. Біз халықаралық ұйымдарды тарта ала­тын орталық құрған қазақстандық дос­­тарымыздың табысына жақсы жа­ғынан қызғанып та, қызығып та қа­раймыз. Өзара тату екі Мемлекет бас­шысының арқасында Қазақстан мен Беларусь Республикасы аймақ­тар­дағы геосаяси байланысты қолдау­ды жалғастыра бермек, – деді вице-премьер.
«Астана EXPO – 2017» ҰҚ» АҚ бас­­­қарма төрағасы Ахметжан Есімов Бе­ларусь Республикасының ұлттық па­вильоны көрменің негізгі тақы­ры­­бын жақсы аша білетінін атап өтті.
Айта кетейік, Беларусь Респу­бли­ка­сының Ұлттық күнін мерекелеу рә­сімі көрме аясында 13 тамыз күні өте­ді. Шараға елдің премьер-ми­нист­рі Андрей Кобяков қатысады.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*