Елбасы Ақмола облысын аралады

800
0
Бөлісу:

Елбасы  Ақмола облысына сапары барысында «Ұмай жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығына барды.

Мемлекет басшысы астық алқабының жағдайымен және егін шаруашылығы өнімдерін өндіру, оны сатумен айналысатын аграрлық кәсіпорынның қызметімен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы егін ору науқаны және оған ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы туралы баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті облыстың шаруаларымен әңгімелесіп, ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы жөнінде сұрады.

Әңгіме барысында шаруашылық еңбеккерлері Елбасыға қабылданған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғаны туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен бірге субсидия беру, аграрлық өнімдер экспортын дамыту және шаруашылықты технологиялық жаңғырту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті минералды су шығарумен айналысатын кәсіпорынды аралап көрді.

Мемлекет басшысына кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнімділігі, жаңа жұмыс орындар саны, тартылған инвестиция көлемі жөнінде мәлімделді.

Қазақстан Президенті сонымен қатар, «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, өңірдің туристік әлеуетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Елбасы жаңа жобаның іске асырылуы отандық және шетелдік туристердің курорттық аймаққа қызығушылығын одан әрі арттыруға және келушілер санының көбеюіне септігін тигізетінін айтты.

– Біз Бурабайды Қазақстанның перспективалы туристік бағытының бірі ретінде дамытқымыз келеді. Бұл осы өңірге туристер мен спорт сүйер қауымды тарту мақсатымен жасалып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*