Мәртебелі меймандарды қабылдады

849
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Астанадағы 62-конференциясының аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Ғылым және халықаралық істер жөніндегі Пагуош ғалымдар қозғалысының президенті Джаянт Данапаламен кездесуде конференция­ның ядролық қақтығыстардың туындау қаупін төмендету жолдарын іздестіруге жаңа серпін бергені атап өтілді. Д.Данапала пікірсайыс­тардың мазмұндылығын және форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, сондай-ақ осындай ауқымды конференцияны Астанада өткізгені үшін Қазақстанға алғыс айтты.
Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербомен Қазақстан мен ұйымның ынтымақ­тастығының келешегі талқыланды.
Қ.Тоқаев Қазақстан мен ЯСЖТШҰ-ның өзара нәтижелі іс-қимылына жоғары баға берді. Ядролық сынақтарға мониторинг жүргізетін халықаралық жүйенің қазақстандық секторын құрудағы ұйым көмегіне ризашылығын білдірді. Л.Зербо халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруларды таратпау саласындағы Президент
Н.Назарбаев бастамаларының жаһандық маңызын атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орын­басары, Қарусыздану жөніндегі бұрынғы жоғары мәртебелі өкілі Серхио Дуартемен кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі, оның ішінде халықаралық терроризм мен ядролық қаруды таратпау мәселелері талқыланды. С.Дуарте 29 тамызда Қазақстанда МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл әлем қоғамдасты­ғының қол­дауы және ядролық қарудан азат әлем құруға теңдесі жоқ үлес қосқан мемлекет ретінде, Қазақстанға деген биік сенімнің арқасында мүмкін болды.

Айхан Шәріп

Бөлісу:

Пікір жазу


*