Британ министрін қабылдады

1310
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, құқықтық, мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ көлік, транзит және азаматтық авиация салала­рындағы екіжақты ынтымақ­тастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынас 1992 жылғы 19 қаң­тарда орнатылды. 12,27 млрд дол­лар көрсеткішімен Ұлыбри­тания елімізге салған тікелей инвестициялар көлемі бойынша 6-орында тұр. Өзара сауда көлемі бойынша 14-орынды алады.
2017 жылдың бірінші жарты­жылдығында екі елдің өзара сауда көлемі 647,4 млн долларды құраған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 16%-ға жоғары: былтыр 543,6 млн доллар болған. Тұтастай алғанда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 1,26 млрд долларға жетті.
Қазақстанда британдық капиталдың қатысуымен 800-ден астам заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген. 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1-тоқсаны аралығында Ұлыбри­таниядан Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 12 278,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*