Джибути Президентін қабылдады

1102
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Африкадағы Джибути Республикасының президенті Исмаил Омар Геллемен кездесті. Бұл кездесу елордадағы жаңа «Хилтон» қонақүйінде өтті. Онда Мемлекет басшысы Джибути президентін Ислам қаржысы саласындағы жаһандық сыйлыққа ие болуымен құттықтады.

– Сіздің сапарыңыз EXPO – 2017 халықаралық көрмесінің өтуімен тұспа-тұс келді. Еліңіз тәуелсіздіктің 40 жыл­дығын атап өтті. Сіз бүгінгі сыйлыққа лайық­тысыз. Мен сізді құттықтаймын, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның Африка елдерімен ын­ты­мақтасуға зор мән береті­ніне тоқ­талып, Джибутидің Африка құрлығында маңызды логис­ти­калық орта саналатынын атап өтті.
Исмаил Омар Гелле кездесуге риза­шылық білдіріп, бұл оның Аста­наға екінші сапары екенін айтты.
– Мұнда алғаш рет 2011 жылы болдым. Сол уақыттан бері Қазақ­станның қарқынды дамып, Астананың таңғалар­лықтай өз­гер­­генін атап өткім келеді. Бү­гін­де Қазақстан бүкіл ислам әлемі үшін зор маңызға ие болып отыр, – деді Джибути президенті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*