Құрмет көрсетілді

777
0
Бөлісу:

Сенатта бұрынғы депутаттарға құрмет көрсетілді. Қазақстан Президентінің Жарлығымен биылғы тамызда өкілеттігі тоқтатылған депутаттар Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Людмила Полторабатькоға Парламент Сенатының алғысхаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев олардың заң шығару үдерістерін жетілдірудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, парламенттік қызметі үшін алғыс айтты.
– Сіздер ел игілігі үшін терең білімдеріңіз бен мол тәжірибелеріңізді аямай, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, өздеріңізге жүктелген міндеттерді адал орындап келесіздер. Мемлекет тәуелсіздігін нығайту мен халық игілігі жолында сіңірген еңбекте­ріңіз болашақ депутаттық корпусқа, ұрпаққа үлгі болады, – деді Сенат басшысы.
Осы күні Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевпен кездесті.
Онда еліміздің келешектегі әлеуметтік саласын тиімді дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі заң шығару қызметі талқыланды.
Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында депутаттар мен Үкіметтің алдына қойған міндеттерді іске асыру мәселелері жан-жақты әңгіме болды.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*