Болашақ пойызын жасаушылармен кездесті

988
0
Бөлісу:

Астанадағы жаңа «Хилтон» қонақүйінде, кездесулерге арналған залда Мемлекет басшысы Hyperloop One компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесу цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес аяқталған соң өтті.

Әңгіме барысында тараптар Қазақ­стандағы цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылап, Еуразия құрылы­ғындағы көлік-логистика жобаларының перспективалары жөнінде пікір алмасты.
Айта кетер жайт, Hyperloop техноло­гиясы таяуда аяқталған EXPО – 2017 халықаралық көрмесінде паш етілген озық технологиялардың және үздік экспо­наттардың бірі болды. Бұл технология жолаушылар мен жүктерді арнайы тұрба-құбыр ішімен аса жоғары жылдамдықта тасымалдауды қарас­тырады.
Hyperloop пневматикалық жоғары жылдамдықты пойызын 2012 жылы америкалық кәсіпкер Илон Маск ұсынған болатын. Күні кеше фантастика ретінде қабылданған бұл жоба қазірдің өзінде өмір шындығына айналуға жақындап қалды.
Аэродинамикалық кедергінің төтен­ше төмендігі нәтижесінде, тұрба-құбыр ішін­дегі капсула сағатына 1200 ша­қы­рым­дық жылдамдықпен қозғала алады. Салыстыру үшін айталық, бұл Boeing-737 жолау­шылар ұшағының жылдамды­ғынан бір жарым есе жоғары. Яғни, Ги­перлуп арқы­лы мәселен, Астанадан Ал­матыға 1 сағат­тың ішінде жетуге болады. Бұл ретте капсулалардың өздері күн ба­тареяларымен жұмыс жасайды деп күтілуде.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*