Жоғарғы палата төрағасы сайланды

1326
0
Бөлісу:

Сенат отырысының күн тәртібіне Парламенттің Жоғарғы палатасының төрағасы және оның орынбасарын сайлау мәселелері шығарылды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуы бойынша Парламент Сенатының төрағасы лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаев­тың кандидатурасы ұсынылды.
Қ.Тоқаев өзіне жүктелген зор сеніміне орай Мемлекет басшысына алғыс айтты.
«Біздің Президентімізді әлем жұрт­шылығы ғаламдық деңгейдегі саясаткер, ұлы реформатор ретінде құрметтейді. Шын мәніндегі тарихи тұлға деп біледі. Елбасының көреген көшбасшылығымен еліміз биік белестерді бағындырып, әлемдегі танымал, абыройлы елдердің қата­рына қосылды. Елбасының сали­қалы, көреген саясатын іске асыру мен үшін әрқашан жауапты әрі зор мәртебелі міндет» деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Жасырын дауыс беру барысында Жоғарғы палатаның төрағасы болып Қ.Тоқаев бірауыздан қайта сай­ланды.
Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып Бектас Бекна­заров та қайта сайланды.
Палата депутаттық мандатының мер­зімі ұзартылған сенатор Дарқан Кәле­таев­ты Халықаралық қаты­настар, қор­ғаныс және қауіпсіздік комитетінің құра­мына сайлау тура­лы қаулы қабыл­дады.
Сенат төрағасы Қ.Тоқаев Қазақ­стан Президентінің Жарлы­ғымен депутаттық өкілеттігі тоқтатылған Ләззат Қиыновқа Парламенттің заң шығару қызметіне қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.
Л.Қиы­нов Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*