Назарбаев Университеті әлемге танымал болды

1033
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Назарбаев университеті дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті.

Елбасы кездесу барысында Қазақстан ғылы­мын одан ары дамыту және жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін тиісті жағдай жасау қажеттігіне ерек­ше назар аударды.
– Назарбаев университеті әлемге танымал бол­ды. Сіздің басшылығыңызбен мыңнан астам сту­дент оқуын ойдағыдай аяқтады. Біз универ­ситет­ті дамыту ісінде көп нәрсеге қол жеткіздік. Алай­да, жас дарындарға одан ары қолдау білдіру үшін шаралар қарастыру қажет, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев EXPO – 2017 инф­рақұрылымы базасында түрлі стартап жобалар­ды, әсіресе ІТ-технологиялар мен «жасыл эконо­ми­каны» дамыту саласындағы жобаларды әзірлеу жә­не оларды іске асыру барысында жас ғалымдар үшін зор мүмкіндік туатынын атап өтті.
Шигео Катсу Мемлекет басшысына Назарбаев уни­верситетін және еліміздің жалпы ғылыми әлеуе­тін дамыту перспективаларын талқылауға мүм­кіндік бергені үшін алғыс айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*