Бітімгерлік бастамасына оң баға берілді

790
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына Қазақ­стан­ның халықаралық ұйым­дардағы қыз­меті туралы мәлімделіп, бірқатар ха­лы­қ­аралық іс-шараларды өткізу қо­ры­тындысы жөнінде есеп берілді.
Сыртқы істер министрі Елбасына БҰҰ Бас ассам-блея­сының 72-сессия­сы­на қатысуының нәтижелері жө­нін­де баян­дап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тө­ра­ғалық етуі­­­міздің негізгі басым­дық­тары туралы айтты.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрі Нұр­сұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары кеңесіндегі ынтымақ­тас­ты­ғы­ның не­гізгі бағыттарына тоқталып, осы ұйымға мүше елдердің бар­лығы Қа­зақстан Президентінің Сириядағы қақ­ты­ғыс­ты реттеуге бағытталған бі­тім­герлік бастамасына оң баға беріп отыр­­ғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Қайрат Әбдірахманов Ислам ынты­мақ­тастығы ұйымы ел­де­рінің сыртқы істер министрлері биылғы қыр­күйекте Астанада өткен осы ұйым­ның ғы­лым және технологиялар жө­нін­де­гі саммитінің нәти­же­лерін жоғары ба­ғалайтынын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мем­­лекет басшысы бір­қатар нақты тап­­сырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*