Цифрлы технология бәсекеге қабілеттілікті арттырады

1525
0
Бөлісу:

Әлемнің ең дамыған елу елінің қатарынан көрінген еліміздің алдында әлі де алар асулар, көтерілер биіктер тұрғаны анық. Келешектегі кемел дамуымыздың бағытын нұсқап, бағдарын айқындауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызы зор. Мемлекет басшысы бағдарламалық еңбегінде «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» дей келіп, оның нақты жолдарын айқындап берді.
Н.Назарбаевтың бұл тарихи ең­бегінде қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына ерек­ше маңыз берілген. Бұл жөнінде Елбасы «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабі­летімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қа­сиеттерге ие болуы керек. Мы­салы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарт­тардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфес­сияаралық келісім» сияқты бағдар­ла­малар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» деп ел алдына үлкен міндет жүктеді.
Елбасы алға қойған зор мақ­сатты орындау бағытында Жоғарғы сот төрағасының тапсырмасы бойынша елімізде электронды сот жүйесін дамыту, соттар қызметіне ақпараттық технологияны енгізу жұмыстары жүйелі түрде іске асып келеді. Мысалы, «Төрелік» ресурсы базасында «Сот кабинеті» сер­висінің аясы ұлғая түскен. Судьялар аудиобейнетіркелім (АБТ) жұмы­сын толық көлемде пайдалануға машықтанған.

Ең бастысы, ұтқыр бейне­конфе­ренцбайланыс (БКБ) ар­қылы азаматтар қай қалада бол­сын, уақытын үнемдеп, тікелей конференц-байланысқа шығып, өзіне жақын орналасқан кез кел­ген сотқа өтінішпен шығуға, қан­дай да бір іс жөнінде түсініктеме немесе өзіне қажетті ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болады. Ел­басының соттардың халыққа не­ғұрлым қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету жө­ніндегі тапсырмасы осылайша, нақ­ты жүзеге асырылуда.
Биылғы жылы БКБ арқылы жергілікті соттар 9589 материал­ды қарады. Тек қана соңғы сегіз айда сот кабинеті арқылы 165 мың­нан астам пайдаланушы тір­келген. Судьялар жүйеге 32-ге жуық мүмкіндіктің жаңа түрлерін енгізген. Мұның өзі – аталған сервис аясында ақ­параттық технологиялар мен электронды сот төрелігін қол­да­-ну барынша даму үстінде екен­дігіне айқын дәлел.
Осы жылғы басты жаңа­лық осы Жо­ғар­ғы соттың Ахуалдық орта­лы­­ғының ашылуы дер едік. Се­бе­бі, Елбасының цифрлы тех­но­ло­гияны енгізу арқылы әлем­нің дамыған отыз елінің сапына қо­сылу туралы асқаралы міндет жүк­тегені баршаға аян.
Жақында еліміздегі цифрлы технология мәселесіне арналған республикалық кеңестің аясында Мемлекет басшысына Ахуалдық орталықтың жұмысы кеңінен та­ныстырылды. Елбасының осы ор­талықтың іске қосылуына қа­шықтықтан пәрмен беруі еліміз­дегі соттардың электронды жүйе­ге көшудегі жұмысының іл­ге­ру­лерін көрсетеді.
Жоғарғы соттың ғимаратына орналасқан Ахуалдық орта­лық­тың жұмысы тәулік бойы рес­пуб­ликамыздағы 370 соттан келіп түскен 700 көрсеткіш бойынша ең маңызды деген сот ақпаратын жинақтауға және терең талдау жасауға мүмкіндік береді. Яғни, процестік мерзімдік бақылау, аудиобейнетіркеуді қолдану, сот процестерінің мерзімінде бас­та­луы тәрізді жұмыстар жасалады. Сот статистикасын жүргізуге де баса назар аударылған.
Ахуалдық орталық республика көлемінде орналасқан 1418 сот залында өтетін процестерді қада­ғалауды жүзеге асырады. Бұл сот процесінде кейбір келеңсіздік­тердің алдын алуды және сот процесіне қатысушыларға қан­-дай да бір кедергіні болдыр­мау­-ды көздейді. Бұған қоса, Ахуалдық орталық сот жұмысының кесте­сінде болатын ақауларды жедел анықтауға әрі дер кезінде түзетуге назар аударатын болады.
Елбасының «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасын іске асыру аясында Жоғарғы сот тарапынан бүгіндері жүзеге асырылып жат­қан мұндай бастама, соттардың халықпен өзара іс-қимылындағы барлық мәселені кеңінен қамти отырып, республикамызда «элек­тронды сот төрелігін» мейлінше, дамытуға, төрешілдік кедергі­лер­ді болдырмауға, сыбайлас жем­қорлық әрекеттерінің алдын алу­да сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азай­туға мол мүмкіндік береді. Аза­мат­тардың уақыты мен қаржы­сын үнемдеуге, ел тұрғындары үшін сот жүйесінің қолжетімді әрі барынша ашық болуына жағ­дай туғызады.
Жоғарғы сот басшылығы Мем­лекет басшысының Қазақстан су­дьяларының VII съезінде «Қо­ғам­да және мемлекетте соттар­-дың абыройы мен ықпалы артып келеді. 25 жылда сот билігі «аяғы­нан тұрды» және реформалар барысында, ең үздік шетел тәжі­рибесі мен әлемдік стандарттар­-ды игеріп, сапалы жаңа келбетке ие болды. Сот төрелігіне қол­же­тімділік мәселесi табысты шеші­луде. Ол заманға сай, техноло­гиялардың арқасында шешімін тауып отыр. Бүгін бізде көптеген дамыған елдерге ұқсас электрон­дық сот өндірісі бар. Енді аза­маттар үйінен шықпастан сотқа жүгіне алады» деген сот жүйесіне берген әділ бағасын қа­перде ұс­-тай отырып, алда да бұл зор се­німнің үдесінен шығу үшін электронды сот төрелігін одан
әрі арттыруға күш-жігерін салып ке­леді. Жоға­ры­да атқарылған ауқым­ды істер – соның айғағы.
Жақында Жоғарғы сот төраға­сы Қайрат Мәми Қытай Халық Республикасы Жоғарғы халық­тық сотының төрағасы Чжоу Цян­­ның шақыруымен, Жібек жолындағы, сот ынтымақтастығы жөніндегі халықаралық форумда Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақ­­ты қа­дам» Ұлт жоспары ая­сында елі­міз­де жүргізілген сот жүйесіндегі реформалар туралы кеңінен баян­дады. Ол «Заң үстем­дігі мәдениеті және сот рефор­масы» сес­сия­сында жасаған не­гізгі баян­да­ма­сында соттарды институцио­нал­дық күшейту, сот­тардың кадр саясатын рефор­малау, «элек­трон­ды сот төрелігін» дамыту, аза­маттық процестік заң­ды жақсарту және қылмыстық заңнаманы жаңғырту жөніндегі бес басым бағыт бойынша әң­гі­мелеп берді.
Форум жұмысына қатысқан Судан, Венесуэла, Әзірбайжан, Тәжікстан жоғарғы соттарының төрағалары, сондай-ақ он беске жуық елдің сот төрағалары мен судьялары Елбасы бастамасы­-мен елімізде жүзеге асырылған жаңа­шыл реформалар жөнінде, соның ішінде, үш сатылы сот жүйесі, Жоғарғы сот жанынан инвести­циялық дауларды қарай­тын ма­ман­дандырылған сот алқасының, айрықша соты бар Астана халықаралық қаржы ор­талы­ғының құрылғаны туралы толық хабардар болды. Баян­да­машы, әсіресе, жер­гілікті соттар жұмы­сын 700 көрсеткіш бойын­ша он­лайн қадағалауды жүзеге асыра­тын Қазақстанның Жо­ғарғы соты жанында Ахуалдық орталықты ашуда Қытай және Оңтүстік Ко­реяның озық тә­жі­рибелері еске­рілгеніне жан-жақты тоқталды.
Осы алқалы басқосуда Қайрат Әбдіразақұлы жергілікті және халықаралық сарапшылар рес­публика соттары жұмысының тиімділігіне жоғары баға берге­-нін атап өтті. Оған нақты дерек келтірді. Яғни, Бүкіләлемдік эко­номикалық форумның Қазақ­стандық жаһандық Бәсекеге қа­білеттілік индексінің рейтингі бойынша Қазақстан 2016-2017 жылдары «Соттардың тәуел­сіз­дігі» индикаторы бойын­ша 68-орын иеленген. Еліміз сот жүйе­сін дамыту және сот акті­лері­нің орындалуы бо­йын­ша өз позициясын екінші жыл қа­тары­нан мығымдап, 9-орын­нан көрі­ніп отыр.
Жоғарғы сот төрағасы сон­-дай-ақ бұл форум аясында Faxin online электронды сервисінің ха­лықаралық нұсқасының іске қо­сылу рәсіміне қатысты. Бұл жаңа жүйе – халықаралық деңгейде сот ақпаратымен алмасуды жақ­сар­туға бағытталғанын атап өт­кені­міз жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республика судьяларының VII съезінде «…сот билігі азамат­тар­дың құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін елдігіміздің берік тұғырларының бірі болып табылады деп айрықша атап айт­қым келеді. Енді алдымызда сот жүйесінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін және оған қоғамның сенімін арттыру міндеті тұр» деп республика судьяларының ал­дында тұрған жоғары мақсаттар мен міндеттерді саралап көр­сет­кен болатын.
Осынау мақсат-міндеттерді уақыт талабына сай, сапалы әрі мерзімінде атқару жолында елі­міздің судьялар қауымдастығы өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарады деп сенеміз.
Нұрлан ҚАЛҚА,
журналист

Бөлісу:

Пікір жазу


*