Дулат ИСАБЕКОВ: КҮШТІЛЕР ҚАРУЫ – СӨЗ

780
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен Лондонда көрнекті жазушы, драматург Дулат Исабековтің театр фестивалі өтті. Фестиваль аясында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры «Жаужүректі», Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклін қойды. Ағылшын театры драматургтің «Аққу Жібегін» сахнаға шығарды. Ұлыбритания елінен олжалы оралған драматургпен тілдескен едік.


– Британ жұрты Исабеков үшін таңсық емес. Бұған дейін «Гауһартасты», «Біз соғысты көр­ген жоқпыз» повесін ағылшын ті­­ліне аударған және «Өкпек жо­лау­шыны» сахналаған ел «Жау­жүрек­ті» қалай қабылдады?
– Лондондықтар өте жоғары деңгейде қарсы алды. Хитроу әуежайынан түскен соң, қо­нақ­үйге жайғастық. Ертесіне бізді Қа­зақстан елшілігі қабылдады. Ерлан Ыдырысовпен кездестік. Кешкісін спектакльді елшімен бірге тамашаладық. Алғашқы күні М.Әуезов атындағы ака­де­миялық драма театры «Жау­жүрек­ті» қойды. Фестиваль шы­мылдығын Ерлан Ыдырысов сөз сөй­леп, ашты. Ағылшын тілінде еркін, әдемі сөйледі. Ұзақ жыл­дар бойы Сыртқы істер ми­нистр­лігінде қызмет еткен, ел­шілікте жүрген азамат қой. Әб­ден төселіп қалыпты. Қазақы қал­жыңмен жеткізгеніне риза бол­дым. Біздің академиялық театр­дың сахнасымен ағылшын теат­рының сахнасын салыстыра алмаймыз. Біздің театр апарған де­корация ол сахнаға сыймай қал­ды. Ағылшын театрларының көп­шілігі мюзиклге арналған, ша­ғын сахнадан тұрады. 500 адам­дық орын бар. Олар да де­ко­рацияны актерлердің өзі ас­қан шеберлікпен, жылдам ауыс­ты­рып отырады. Оны қай уақыт­та, қашан алып кеткенін түсін­бей қаласың. «Жаужүректі» Ес­мұ­хан Обаев өз қиялымен, кәсі­би­лігімен алып шықты. Балкон­ды да қажетке жаратты. Спек­такль өте жоғары деңгейде өтті. Актерлер Лондон сахнасында жа­нын салып ойнады. «Жау­жү­рек» спектакліне байланысты жы­лы пікірді көп естідік. Ағыл­шынша аудармасы аздап тө­мендеу болды деп естідім. Театр мамандары жақсы түсінеді ғой. Соған қарамастан, қазақ ак­­­терлерінің сұлулығы, қызд­ары­мыздың әншілігі, Ерлан Біләл­дің ән салған кездегі дауысы көп­тің көңілінен шықты деп ой­лаймын. Ағылшынша түсін­бе­сем де, аудармашылардың айтуы­на қарағанда, Лондон жұрт­шылығы қазақ театрының қой­ған спектаклін жылы қабыл­даған секілді.
– Лордтар палатасында қай кү­ні сөз сөйледіңіз?
– Екінші күні Лордтар па­ла­та­сында қабылдау болды.
–Ол жерде бұған дейін түркі жұртынан Шыңғыс Айт­матов пен Орхан Памук қана сөз сөйлеген екен. Қазақ жазу­шы­сы­ның сөзін лордтар қалай қа­был­дады?
– Айтматов пен Памуктан кейінгі үшінші адам болып тұр­мын. Палатада сөз сөйлеудің өзі қызық. Күні бұрын белгіленіп қой­ған сценарийден ешкім ауыт­­қымауы тиіс. «Қыздары­мыз­­дың бірі ән салсыншы» деп өтініш айтып едім. Оны қа­был­­да­май қой­ды. Лорд он минут сөйледі. Маған: «Сіздің сөзіңіз лордтың сөзінген ұзақ болмасын» деген талап қой­ды. 12 минуттық сөзім­ді қыс­қар­туға тура келді. Шың­ғыс Айтма­тов атындағы ака­демияның пре­зиденті Рахима Абдувалиева екеу­міз сегіз ми­нут­қа қыс­қарт­тық.
– Лордтар алдында нені тілге тиек еттіңіз?
– Ең әуелі британ жұртына ал­ғысымды білдірдім. Бұл – ме­нің Англияға үшінші келуім. «Гауһартас» ағылшын тілінде шықты. «Өкпек жолаушы» бри­тан сахнасында қойылды. «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты повесім жеке кітап болып жарық көрді. Қызылорда театры Лон­дон­да «Өкпек жолаушыны» қой­ды. Астанада өткен фестивальде осы театрдың қойған спектаклі ағылшындарға ұнап, өздеріне шақыртқан болатын. Әр ұлттың пьесасын сол ұлттың өзінен ар­тық қоятын ешкім жоқ екен. Шекспирді қазақ театры қанша сахналағанымен, оны ағылшын театрынан асырып қоя алмай­мыз. Италияның ариясын қазақ әншілері жақсы орындағанымен, италияндықтардай шебер орын­дай алмайтыны белгілі. Осы­­ның бәрін сөзге тиек ете ке­­ліп, бала кездегі бір өліп-тіріл­ге­німді де мысалға келтірдім. Қа­ра борбай бала кезімде «өліп қалды» деп үл­кендер мені жер­лемек болға­нын, көмуге алып бара жат­қа­нында көзімді ашып қал­ғаным­да, адамдар шалқа­сы­нан түс­кенін айтып бердім. Қал­жыңмен айтқан сөзіме жиыл­ған­дар біраз күліп алды. Елдің жайын, елі­мізде «Рухани жаң­ғыру­дың» жү­ріп жатқанын айттым. Лон­донда фестиваль өт­кізуіміздің өзі Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасы аясында өтіп жат­қанын сөз еттім. Әлем­нің озық шығармаларын, клас­сик жазу­шыларының барлығын бірдей жақсы білеміз. Киносын, теат­рын, өнерін жылы қабыл­дай­мыз. Олар қазақ жазушысын біле ме? Біздің алдымызға осын­дай міндет қойылғанын, әрі тәуелсіздіктің арқасында қазақ жазушысының шығармалары Еуропа төріне шыққанын айтып өттім. Екі дүниежүзілік соғысты адам­зат бастан кешірді. Менің әкем де екінші соғыста қаза тап­ты. Ел қорғады, жерін қорғады. Соғыс болмаған кезде әкем ерте көз жұмбас еді, бес баламен же­сір қалған анам ерте қайтыс бол­мас еді. Өмірде кездейсоқтық бо­ла ма, жоқ па білмеймін. Тағ­дыр мені «өлтірмей» аман алып қалды. Мұның бәрі кездейсоқ нәр­се шығар. Қазір де айнала­мыз­да соғыс қаупі жүріп жатыр. Адам­зат баласы үшінші дүние­жүзілік соғысты бастан кешір­меуі керек. Библияда: «В начале бы­ло слово» деген сөз бар. Қару-жа­рақ жасауға қыруар қаржы шы­ғарғанша, әдебиет пен мәде­ниетке осыншама қаржы шы­ғарар болсақ, біз онда ұтар едік. Әрбір ортаңқол жазушының артында кем дегенде, 10-15 мың оқыр­ман бар. Дүниежүзі жазу­шыларына осы санды көбейтсек, қанша болатынын бағамдай бе­ріңіз. Онда сөзбен қаруланған үл­кен бір күш болар еді. «ПЭН» клуб та алғаш осы жерде ашылды дегенді айтып өттім. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың ұсынысымен Сириядағы соғысты тоқтатуға бай­ланысты келіссөздер Аста­нада өткізіліп жүр. Бұл да біздің бейбітсүйгіш халық екенімізді көрсетеді. Мұндағы басты қаруы­мыз да – сөз. Сөзбен со­ғыс­қа тоқтау салғымыз келетінін айттым. Рухани жаңғырудың аясында іске асырылып жатқан дүниелерге де арнайы тоқтал­дым. Қазақ әдебиетінің мәселесі айтылды. «Біздің әдебиет батыс­тың әдебиетінен кем соқпайды. Жазушыларымыздың бәрі батыс мектебін жақсы меңгерген. Еу­ро­па үлгісінде шығыстық бейне­сін сақтай отырып, жазылған шы­ғармалар бар. Осыған көбірек көңіл бөлсеңіздер екен» дегенді ай­та кеттім.
– «Актрисаны» Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры ұсынған екен. Неге кәріс театры ұсынды? «Актрисаны» қазақ театр­лары да көп қойған жоқ па?
– Кәріс театры қойған «Акт­ри­саның» орны бөлек. Оны бри­тан жұрты да ерекше қабылдады. Фес­тивальге өзге ағылшын теат­рының режиссерлері де көптеп қатысты. Солардың арасында «Акт­рисаны» қоямыз деп, пье­саны сұрап алғандары да болды. Кәріс театры қойды делінгені­мен, ұлттық музыкамызды қо­йып, ұлттық киіммен шықты. Төртінші күні ағылшын театры «Аққу Жібекті» сахнаға алып шықты.
– «Аққу Жібектің» сізге қаты­сы бар ма?
– Бағдарламамыздағы ең бас­ты оқиғаның бірі – «Аққу Жі­­бек» пьесасы. Бұл пьесаны бри­тан театрының артистері ағыл­шын тілінде қойды. пье­саның маған қандай қатысы бар дегенге келсек, Сұлтанғали Шү­кіров деген иллюзионист жігіт бар. Қуыршақ театрының дирек­торы қызметінде жүргенінде, қыр соңымнан қалмай, «Қыз Жі­бекті» сахнаға шығарайықшы» деп қолқа салған еді. «Қыз Жі­бек­ті» жаза алмаймын. Оның ки­носы бар. Операсы мен пье­сасы бар. Эпостың өзі бар. Бұдан не табамын?» деп көнбей қойсам да, «Төлеген мен Жібекті аққу етіп, бір көлдің жағасында өмір сүргізсек» деп қоймаған соң, амалсыздан келіскен едім. Екі күннің ішінде пьеса жазылды. Қысқа уақытта жазылған дүние­нің британ сахнасынан бір-ақ шы­ғатынын қайдан білейін?! Қуыр­шақпен ойнаған жоқ. Ак­тер­лердің өзі сол аққу кейпіне түсіп, өте сәтті алып шықты. Ағыл­шын режиссерлеріне бір­неше пьесам ұнаған екен. Сол пье­са­ның арасынан «Аққу Жі­бек­тің» айтар ойы бөлек болса ке­рек. Жі­бектің аққу болып ұшып кете­тін сәтін ерекше көр­сет­ті. Спек­такльдің режиссері – Кореяда туған, Ұлыбританияда тұратын кә­ріс қызы екен. Кәріс­шесін де ұмытпапты. Корей теат­рының ди­ректоры Любовь Августов­намен кәрісше сөйлесіп отырды. Кемшіліктер болмады емес, болды. Әр ұлттың пьесасын өз ұлтындай ешкім қоя алмайды деп бекер айтқан жоқпын. Со­ның өзінде, екінші пье­сам­ды британ театрының сах­наға алып шыққанының өзі – айрықша оқиға.
– Ағылшын театр сыншы­ла­ры­ның қазақ драматургиясы тура­лы пікірлері қалай?
– Ағылшын театрларынан ар­найы театр сыншылары келіп, спектакльдерді тамашалады. Әзір­ге сыншылардың пікірі жа­ман емес. «Актриса», «Жау­жүрек» спектаклі туралы жылы пі­кірлер айтылып жатыр.
– Британ театрлары қазақ дра­матургының шығармасына қа­ламақы төлей ме?
– Өткен жолғы спектакльге қа­ламақы төлеген жоқ. Менің­ше, бұл әдеби агентімнің қулығы ма деп ойлаймын. Әдеби агент пен жазу­шы көп соттасып жата­ды екен. Бұл жолы да «Кітабыңыз да саты­лып жатыр. Спектакльге де би­лет сатылуда. Желтоқсан айын­да хабарласамыз» деді. Күте­міз.
– Ағылшын сахнасына қалай жол таптыңыз?
– Жолым болған себебі – Санкт-Петербор театрының сах­насында «Өкпек жолаушы» спектаклі қойылды. Осы «Өкпек жолаушы» ақырында Лондонға ба­рып, бір-ақ қонды ғой. «Дра­матур­гия жарықтық – жаяу жанр» деп жиі айтамын. Ол не­гізсіз емес. Басқа елге танылу үшін де уақыт керек. Процесс ұзақ жүреді. Бұл – эстрада емес. Таңертең ұшып барып, кешкісін сах­наға шыға салмайсың. Пье­саны оқиды, талқылайды. Әр ак­тер өзіне қандай рөл тиетініне дейін талқылап отырады. Қазақ­станда қандай пьеса барын олар қайдан біледі? Дүниежүзінде не көп, драматург көп. Керісінше, оларда Орта Азияда драматургия жоқ деген стереотип қалыптас­қан. Осы бір қасаң қағиданы өс­тіп-өстіп бұза беруіміз керек.


«Драматургия жарықтық – жаяу жанр» деп жиі айтамын. Ол негізсіз емес. Басқа елге танылу үшін де уақыт керек. Процесс ұзақ жүреді. Бұл – эстрада емес. Таңертең ұшып барып, кешкісін сахнаға шыға салмайсың. Пьесаны оқиды, талқылайды. Әр актер өзіне қандай рөл тиетініне дейін талқылап отырады. Қазақстанда қандай пьеса барын олар қайдан біледі? Дүниежүзінде не көп, драматург көп. Керісінше, оларда Орта Азияда драматургия жоқ деген стереотип қалыптасқан. Осы бір қасаң қағиданы өстіп-өстіп бұза беруіміз керек.


– Көркем шығармаға қара­ған­да, драматургияның танылуы жеңіл секілді. Әлде, олай емес пе?
– Көркем шы­ғар­маны шы­ғару оңай. Ақшасын төле­сеңіз бол­ды, кітабыңыз дайын. Пье­са­ны қою – қиын. Кө­рер­мен залынан екі-үш адам шы­­­ғып кететін бол­­са, олар қай­­тып бұл театр­дың есі­­гін аш­пайды. Театр осыдан қор­­қады. Бір клиент үшін кү­рес жүріп жатыр. Дү­кенінде де солай, теат­ры да солай. Кітапты до­сқа сыйлау, те­гін беру де­ген жоқ. Демек, ав­тордың шы­ғар­­ма­сының бағасы жоқ деген сөз. Олар да әр кітап есепте тұра­ды. Кі­тап шығару мә­дениеті бө­лек. Өзім де баспа­ның дирек­торы бол­­дым. Соның өзінде ағыл­шын­дардың кітап шы­ғару мә­дениетін түсіне ал­май­мын. Кі­тап­тың қажет екенін айтса бол­ды, үйіне әкеліп береді. Кітап дү­кеніне барып, әуре болу­дың қа­жеті жоқ. Лондонда жүр­ген бір аптаның ішінде 200-дей кітап сатылды.
– Лондонда ағылшын жазу­шы­ларымен дөңгелек үстел өткен екен. Кездесуге кімдер қатысты?
– Лондондағы ең басты оқи­ғаның бірі – осы. Сыншылар, әде­биетшілер қатысты. Менен бұрын Орхан Памукпен де осы­лай дөңгелек үстел өткізген екен. Сұрақ-жауапқа қатысқан­ның барлығы риза болды.
– Ағылшын әдебиетшілерін не қы­зықтырады екен?
– Қазақ әдебиетінің жайын кө­бірек білгісі келеді екен. «Сіз дра­матургияны көп жазасыз ба?», «Драматургияға неге көбі­рек бұрылып кеттіңіз?», «Қай тіл­де жазасыз?» деп сұрады. «Сая­­сатқа араласасыз ба?», «Қо­ғам­дық жұмысыңыз бар ма?» де­ген сауалдар да болды. «Қазіргі саясат сізге ұнай ма?» дейді.
– «Қазақ жазушысын әлем та­ны­майды» деген пікірді жиі ес­тиміз. Исабековтің британ жұр­тына танылуы бұрын-соңды бол­ма­ған жайт па?
– Қазақ жазушысын әлем та­ниды деп айта алмаймыз. Иса­бековтің өзі Еуропаға енді ғана терезе ашып жатыр. Ұлыбри­та­нияның кітапханасы – мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл кітапха­наға кіру үшін әбден тексеруден өтесіз. Ұшаққа мінерде қалай тек­серуден өтсеңіз, мұнда да со­лай. Сол кітапханаға ертіп алып барды. Екі кітабым осы кітап­ханада мәңгіге сақталып тұр екен. Қазақ әдебиетін кім оқы­ғысы келеді, солардың оқуына мүм­кіндік бар. «Менен басқа қа­зақ жазушыларының шығар­ма­лары бар ма?» деп сұрап едім, «Жоқ» деп жауап қайтарды. Абай жоқ, Мұхтар Әуезов жоқ. Неге? Оның себебі басқа екен. Қа­зір қазақ жазушылары ағыл­шын тіліне көптеп аударылып жатыр. Мәскеуден де шығып жатқан кітаптар көп. Оның бәрін британ кітапханасына қа­былдай бермейді. Оны қабылдау үшін қойылған белгілі бір талап­тары бар. Англияда тұратын ау­дармашы аударуы керек. Осы елдің баспасынан шығуы тиіс. Тіпті Американың да тіліне сен­бейді. Британ аудармашысы ау­дар­ған, сол елдің баспасынан шық­қан кітаптарға сараптама жа­сағаннан кейін ғана кітап­ханаға қабылдайды. Бірінші болып, британ кітапханасында тұрғаным жақсы. Екінші жағы­нан, қуанатын да нәрсе емес. Бұл дегеніңіз – біз мемлекеттік деңгейде жұмыс істей алмай отыр­мыз. Жақсы дүниені оқыр­ман тауып алады деген бекер сөз. Насихат болмаған жерде кітап өтпейді. Оқырманға жетпейді. Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстанның сыртқы имиджі» деген бағдарлама бар екен. Оған біраз қаржы бөлінеді. Сол ақ­ша­ның қайда жұмсалып жат­қанын біл­меймін. Әдебиетке жұмсаған қар­жы тиімдірек болар еді. Әрі оған көп ақшаның да қажеті жоқ.
– 75 жылдық мерекеңіз Лон­дон­да басталды. Мерейтойыңыз елі­мізде қалай жалғаспақ?
– Әуелде 27 қазанда театрда өткіземіз бе деген жоспар болып еді. Оған дайындығымыз кемшін секілді. Сол себепті, қараша айы­на қарай ұзарттық. Мерей­тойды думандатып тойлатқанды онша ұната бермеймін. Ел шы­ғармаларымды оқып жатса, театр пьесаларымды қойып жат­са, соның өзі – үлкен мереке. Осы жолы Лондон сапарынан көңіліміз марқайып қайтты. Жапониядан да кітап сұратып жатыр деген хабар келді. Бұл Лондон сапарының әсері болар. Фестивальді қолдағаны үшін Мәдениет және спорт министр­лігіне, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына айтар алғысым шек­­сіз. Театр ұжымдарына да ри­­замын. Екі бірдей театр екі пье­­­­самды Лондон төрінде қойып, көңілімді марқайтып тас­­та­ды.
– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Гүлзина БЕКТАС

Бөлісу:

Пікір жазу


*