Екі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту биыл аяқталады

868
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Мемлекет басшысына жа­нар-жа­ғармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жө­нінде мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жанар­май тапшылығы Қазақстан Үкіметі мен Энер­гетика министрлігі тарапынан на­рық­­­ты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылдамауы сал­­дары­нан орын алып отырғанын айтты.
– Энергетика министрлігі – еліміздің отын-энергетика мәселелеріне, соның ішін­­де ішкі нарықты жанар-жағармаймен қам­­тамасыз етуге жауапты. Елімізде оның тап­­­шылығына байланысты орын алған ах­уал Үкімет пен Энергетика министрлігі та­­рапынан, немқұрайлылық пен жауап­сыз­дыққа жол берілгенін көрсетіп отыр. Сіз биылғы мамыр айында мұнай өңдеу зауыт­­та­рына жөндеу жұмыстарын жүргізу кес­те­сін бекіттіңіз. Күзде үш зауыттың екеуі жөн­­деу үшін тоқтатылатынын біл­діңіз. Мұн­дай жағдай жыл сайын қайта­ла­нып ке­леді. Соны біле тұра, алдын ала дайын­­да­лып, халықты қамтамасыз ету үшін қажетті кө­лемде жанар-жағармай жет­кізуге тиіс еді­ңіз. Олай болмады, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Сондай-ақ Елбасы министрліктің жа­нар-жағармай нарығындағы ахуалды тұ­рақ­­­­тан­­дыруға бағытталған бұған дейінгі ша­­ра­ла­рының тиімділігі төмен болғанын атап өтті.
– Сіз ұсынған жақсы бастамалар аз емес. Олар менің тарапымнан да, Үкімет та­ра­пынан да қолдау тауып келеді. Жа­нар­май тап­шылығын болдырмау үшін бағаны мем­лекеттік реттеуден бас тарту ұсыныл­ды. Алай­да нарықта тағы да жанар-жа­ғар­май же­тіспеушілігі орын алды. Осыған бай­ла­ныс­ты, Үкіметтің ұсынысы бойынша сіз­ге сөгіс жарияладым. Бұл – қызметтен бо­са­тыл­ған­мен бірдей, – деді Мемлекет бас­шысы.
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев Қазақ­стан Президентіне Павлодар және Атырау мұ­най өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыс­та­рының барысы туралы мәлімдеді.
– Екі мұнай өңдеу зауытын жетілдіріп, жаң­ғырту биыл аяқталады. Қараша айын­да Павлодардағы зауытты іске қосу жос­парланып отыр. Атыраудағы мұнай өңдеу зауытындағы жұмыстарды осы жылдың 16 желтоқсанына дейін аяқтау көзделген. Мұн­да мұнай өнімдерінің көлемін арт­тыруға және олардың сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін катализдік крекинг қон­дырғысы бірінші рет пайдаланылатын болады.
Қ.Бозымбаев Мемлекет басшысына Шым­кенттегі мұнай өңдеу зауытында да жо­ғары октанды бензин шығаруға ар­нал­ған катализдік крекинг қондырғысын салу жоспарланып отырғаны туралы мәлімдеді.
Энергетика министрі келесі жылы Қа­зақ­стан нарығы жоғары сапалы жанар­май­мен, соның ішінде авиациялық жанар­маймен қамтамасыз етілетінін айтты.
Соңында Қазақстан Президенті на­рық­ты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін жауапкершілік жүктелетінін тағы да ескертіп, жанармай тапшылығын бол­дырмау үшін барлық қажетті шаралар қа­былдауды тапсырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*