Нақты тапсырма берді

925
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Ин­вес­тициялар және даму министрлігіне бе­кітілген мемлекеттік және салалық бағ­­­дарламаларды іске асырудың маңыз­дылығына назар аударып, олардың орын­далуының аралық қорытындылары жө­нін­де айтты.
– Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдарда 5,2 триллион тең­гені құрайтын 1060 жоба іске қосылды. Со­ның арқасында 100 мыңнан астам жұ­мыс орны ашылды. Осы бағдарлама іске асырылғаннан бері жүзеге асқан жобалар 8 триллион теңгенің өнімін берді. Бұл – еліміз үшін аса маңызды жетістік. Біз бұ­ған дейін өндірілмеген өнімнің 500 тү­рін шығарамыз, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инф­рақұрылымдық даму бағдарламасын жү­зеге асырудың нәтижелеріне назар ау­дарды.
– 2010 жылдан бері республикалық маңы­зы бар 5 мың шақырым жолдың құры­лысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. 2020 жылға дейін тағы 4500 ша­қырым жол іске қосылады. Қазір рес­публикалық автомобиль жолдарының 85 па­йызы жақсы күйде. Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы және Астана – Те­мір­тау, Алматы – Қапшағай, Бейнеу – Шет­пе, Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша жолдар пайдалануға берілді. Сон­дай-ақ Ертіс өзені арқылы өтетін Ор­талық Азиядағы ең ірі көпір салынды. Осы жобаларды іске асыруға 75 мың адам тар­тылды. Бұл ретте барлық құрылыс ма­териалдарының 90 пайызы Қа­зақстан­да жасалған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті «Құ­рық» теңіз порты мен «Қорғас» шека­ра маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының экономикалық маңыз­ды­лы­ғын атап өтті.
Бұдан бөлек, Елбасы «Нұрлы жер» бағ­­дар­ламасының іске асырылу нәти­же­ле­­ріне тоқталып, оның аясында 10 мил­лион шаршы метрден астам тұрғын үй салынғанын айтты.
– 9 облыста тұрғын үй құрылысы жүр­гізіліп жатыр. Барлық бағдарлама ха­­лықтың тұрмысын жақсартуға арнал­ған. Жинақтағанымыздың бәрін қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын арттыруға ба­ғыттадық, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ми­нистрліктің басшылығы тарапынан ерек­ше мән беруді қажет ететін жекелеген мә­селелерге тоқталды.
– Индустрияландыру жөніндегі мем­лекеттік бағдарлама әлі де экономика­мыз­дың әртараптығын қамтамасыз ете ал­май отыр. Өңдеу өнеркәсібінің ішкі жал­пы өнімдегі үлесі айтарлықтай өзгер­ген жоқ. Жалпы, қойылған міндеттерді орын­дауға қажетті барлық жағдай бар. Сіз эко­номикалық және әлеуметтік басым­дықтарды іске асыруға толық жауапты-сыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елімізді одан әрі да­мытып, Қазақстан халқының әл-ау­қатын арттыруға бағытталған барлық бағ­дарламаларды іске асырудың маңыз­дылығын атап өтті.
Соңында Елбасы бірқатар нақты тап­сырмалар берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*