Сауд ішкі істер министрімен кездесті

887
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті. Кездесу кезінде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Биыл біз Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Ас­тананы салуға қолдау көрсеткен­деріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қор­ғау органдары арасында бай­ланыс­тар орнатудың маңызды екенін атап өтті.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*