Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

988
1
Бөлісу:

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;
осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан
№569

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Сәбит 28 Қазан, 2017 at 11:18 Жауап

    Алдағы уақытта бұл бекітілген нұсқа қатып қалған дүние емес шығар енді, халық ыңғайлы етіп, өтеміз. Негізгі бағыт осыған жасалған, ғалымдар келіспей жатқанда, уақыт пен халық өз орнына қояды.

Пікір жазу


*