Инвестиция жайы қаралды

792
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті.

Отырыс барысында қордың әрі қа­райғы дамуы, жобаларды іске асы­ру­, оның ішінде Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы және әм­бебап жүк-жолаушылар паромда­рын пайдалануға беру және тағы да бас­қа мәселелері талқыланды. Бұған қоса, 2018 жылға арналған жұмыс жос­­пары қаралды.
2008 жылы ел Президентінің Жар­лығымен «Самұрық-Қазына» қо­ры­ның негізі қаланған. Инвестициялық холдингтің міндеті – еліміздің ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық эко­но­миканы жаңғыртуды қолдау.
Осы күні Үкімет басшысының тө­­ра­­ғалығымен инвестициялық ахуал­ды жақ­сарту және кәсіпкерлікті да­мыту мә­селелері бойынша кеңес өтті. Оты­рыс барысында құрылыс сала­сында бизнес ашу және жүргізу үшін әкім­ші­лік кедергілерді азайту, халық­аралық сауда, меншікті тіркеу, сон­дай-ақ са­лық салу салалары және басқалары бойынша міндеттер қойыл­ды.
Бақытжан Сағынтаев Инвес­тициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес­тің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында қатысушылар салық реформасының іске асырылу барысын, сондай-ақ Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын күшейту және қорғау мәселелерін талқылады. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес Үкімет қаулысымен 2012 жылғы 1 наурызда елі­міздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға қатысты жүйелі мәсе­лелерді шешу мақсатында құрылған. Ол Премьер-министрдің төрағалы­ғымен жүргізіледі.
Кеңестің басты мақсаты – отан­дық және шетелдік инвестицияларды тартуға әрі оларды тиімді пайдалануға жәрдемдесу, сондай-ақ инвес­тор­лар­ға Қазақстандағы жұмыстары ба­ры­сында пайда болған түйіткілді мәсе­ле­лерін шешу тұрғысынан қолдау көр­сету.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*