«Ротшильд» компаниясы басшыларын қабылдады

847
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Rothschild & Co компаниясының басшылары Эрик де Ротшильдпен, Клаус Мангольдпен және Джованни Салветтимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Ротшильд» компаниясының қаржы секторындағы жұмыс тәжірибесі мол және халық­аралық беделі биік екенін атап өтті.
– «Ротшильд» компаниясы – әлем­дегі ертеден келе жатқан ірі қаржы институттарының бірі. Сіздердің жеке капитал салымшылармен жұмыс жө­ніндегі тәжірибелеріңіз мол. Бұл біздің еліміз үшін де маңызды. Сол себепті, қазір Қазақстанның Ұлттық банкіне кеңес беріп отырсыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Эрик де Ротшильд Қазақстан Пре­зидентіне кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, еліміздің қарқынды дамып келе жатқанына қызыға қарай­тынын жеткізді.
– Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Соңғы екі күндегі әсерім өте жақсы. Сіздің арқаңызда болашақта еліңіз жоғары қарқынмен дамитын бо­лады. Қазақстан географиялық тұр­ғыдан ұтымды жерде орналасқан. Ол – Азия мен Еуропа арасындағы көпір. Сіздің экономиканы әр­тараптандыруға, өнеркәсіпті дамытуға және шикізаттық экономикадан бас тар­туға жетелеген үрдістерді айқындай ал­ған көреген қадамыңыз мені тәнті етті, – деді компанияның директорлар ке­ңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд.

Бөлісу:

Пікір жазу


*