ПАРТИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

1573
0
Бөлісу:

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен партия Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыру үдерістері аясында партияның атқарған жұмысы қорытындыланып, оның қызметін ары қарай жетілдіру мәселелері қаралды.Елбасының «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: Жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» Жолдауын насихаттауға барлық пар­тиялық құрылымдар жұмылдырылды. Со­ндай-ақ Мемлекет басшысының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақаласындағы тың бас­та­маларды насихаттау мақсатында партия бар­лық ресурстар мен активтерді іске қо­сып, республикамыз бойынша 1,5 мил­лион адамды қамтыған 22,8 мың іс-шара өткізді.

Жиынға Саяси кеңес мүшелері – Үкі­мет­тің, Парламенттің, Президент Әкім­ші­лігінің басшылығы, Мемлекеттік хат­шы, «Нұр Отан» партиясының Мәжі­ліс­тегі фрак­циясының депутаттары, орталық жә­не жергілікті мемлекеттік органдар бас­шылары қатысты.
– Бүгін «Нұр Отан» партиясын жаң­ғыр­туға қатысты маңызды мәселені тал­қылаймыз. Өткен жылдар ішінде партия елі­міздегі жағдайды тұрақтандыруға, Қа­зақстанды дамыту мен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту жолындағы мін­дет­терді орындауға зор үлес қосты. Пар­тия бірнеше парламенттік сайлаудан лайықты өтіп, еліміздің басты партиялық-саяси кү­шіне айналды, – деді Саяси кеңес оты­рысын ашқан Мемлекет басшысы.
Елбасы «Нұр Отан» партиясы халқы­мыз­дың береке-бірлігінің артуына және елі­міздің саяси тұрақтылығын нығайтып, эко­номикалық реформалардың табысты іс­ке асуына атсалысып келе жатқан бір­ден – бір саяси ұйым екенін айтты. Одан бө­лек, Нұрсұлтан Назарбаев биыл құрыл­ғанына 18 жыл болған «Нұр Отан» пар­тия­сы осы уақыт ішінде шынығып, шың­далып, халықпен тікелей жұмыс істеп, ке­зек күттірмей шешілуге тиіс мәсе­ле­лерді үнемі назарда ұстап, нағыз елдік пар­тия атанғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті партияның елі­міздегі стратегиялық реформаларды іске асыру жолындағы жетістіктері мен атқар­ған жұмысына тоқталып, күрделі әрі жүй­елі шешімдер қабылдау қажеттігі жә­не оларды дәйекті іске асырудың маңыз­дылығы жөнінде де айтты.
– Жаңғыру ешқашан оңай жүзеге аса қой­майды. Ол кедергіге тап болуы мүм­кін. Осы ретте «Нұр Отан» партиясы, ең ал­дымен жаңғыру бағытына саяси қол­дау көрсету тетіктерін қалыптастыруы тиіс. Билік тармақтары арасындағы бір­қатар өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты конс­титуциялық реформа мәселелеріне ке­ле­тін болсақ, бұл – еліміздің саяси жүйе­сін демократияландыру мақсатында жа­салған маңызды қадам, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасын «Нұр Отан» пар­тиясының қазіргі идеологиялық жұ­мысының платформасы деп атады.
– Партия қызметін жаңғырту жөнінде айт­қан кезде, жаңғырудың 2017 жылы жа­рия­ланған үш бағдарламасын іске асыру барысында «Нұр Отан» партия­сы­ның рөлін айқын әрі анық түсінуіміз ке­рек. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру­ға лайықты атсалысу үшін партия өз жұмысын өзгертудің нақты жолдарын табуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Одан әрі Елбасы партияның болашақ­та да елмен етене болып, халыққа қалтқы­сыз қызмет етуді жалғастыра беретініне сенім білдірді.
– Алдымызда көп шаруалар бар. Қа­жетті бағдарламалардың барлығы қабыл­данды. Дегенмен қазіргі жағдайда бүкіл әлем ғылыми-техникалық дамудың жаңа сала­сына түсіп отырған кезде, біздің де алға қойған мақсаттарымыз аз емес. Сон­дықтан осының бәріне партия басшы бо­лып, жергілікті жерлерде саясатты тү­сін­­діруі қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті партия қызме­тін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына на­зар аударып, Партия Төрағасының бірін­ші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есебін тыңдады.
Өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммед Мем­лекет басшысы ұсынған Ұлттық стра­тегияға сай әлемдегі ең үздік пар­тиялар жинақтаған тәжірибелерді ескере отырып, бүгінде «Нұр Отан» партиясының институционалды жағынан әбден то­лысқанын айтты. Сондай-ақ ол биылғы үш бірдей жаңғыру: Конституциялық реформа, Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы және Рухани жаңғыру жарияланған күннен бастап нұротандықтар Партия Төрағасының тарихи бастамаларын әр қазақстандықтың жүрегіне жеткізуге бар күш-жігерін жұмсап келе жатқанына назар аударды. Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының айтуынша, бүгінде «Нұр Отан» партиясы Елбасы бастамаларының табысты жүзеге асырылуы мақсатында пар­тиялық тыңдаулар өткізуді қолға алған. Одан бөлек, отырыста партияның кадрлық резерві жасақталып, халық­аралық байланысы нығая түскені, қоғам­дық қабылдау жұмысының жаңа фор­мат­қа көшірілгені және түрлі жобалар ар­­­қылы партия тарапынан жастарға тұрақ­ты қолдау көрсетіліп келе жатқаны белгілі болды.
Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесін­де, партияның қоғамдағы беделі бұрын­ғы­дан да артып, халықтың сенімі күшей­генін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Партияның күнделікті жұмысында рес­публика Үкіметімен бірлесе қабыл­да­нып, 2021 жылға дейінгі мерзімге ар­нал­ған Сайлауалды бағдарламасын орындау бірін­ші кезекте тұр. Партияның респуб­ликалық желілік графигіне сай жыл басынан бері 5 миллионнан астам адамды қам­тыған 85 мыңға жуық іс-шараның нә­тижесінде, бағдарламада белгіленген ме­желік көрсеткіштердің 96 пайызы орын­далды», – деді.
Расымен, Елбасы «Қазақ елін даму­дың дара жолына бастайтын ең қуатты күш» деп баға берген «Нұр Отан» партия­сы бүгінде ел өмірінде ерекше маңызға ие. Оған партияның 2017 жылдың өткен 10 айында елімізді саяси, экономикалық және рухани жаңғырту аясында қолға алған жұмыстарының нәтижелері дәлел болады. Нақты айтар болсақ, Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының қыз­меті жетілдіріліп, партиялық тәртіп нығайтылды. Нұротандық депутаттар Мә­жіліске келіп түскен 148 заң жо­ба­сының 131-ін қарау жөніндегі жұмыс топ­тарын басқарды. Сондай-ақ олар 8 заң жо­басына бастамашылық жасаса, соның төр­теуі қабылданды.
«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекет­тік бағдарламалары, партияның Сай­лауал­ды бағдарламасы, «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары және «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттардың іске асырылуы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мен бақылауды кү­шейту де – партия орталық және жер­гілікті ұйымдарының ұдайы басты на­зарында. Партия бейнебайланыс арқылы барлық нұротандықтардың қатысуымен тек биылдың өзінде осы салаға жауапты 6 Үкімет мүшесінің есебін тыңдаған 6 пар­тиялық тыңдау өткізді. Онда еліміздің әрбір өңіріндегі нұротандық депутат ми­нистрлер мен ұлттық компания бас­шы­ларына өз сұрағын жолдау мүмкіндігіне ие болды. Соның нәтижесінде, Үкіметке 106 ұсыныс жолданса, қазірге дейін со­ның 70 пайызы орындалды. Партиялық тың­даулар бүгінде барлық облыстарда қол­ға алынғанын атап өткен жөн.

Партияның Сайлауалды бағдарла­ма­сының іске асырылу барысына бақылау күшейтілгенін де айрықша атап өткен жөн. Партиялық тыңдаулар форматында ба­қылаудың жаңа механизмі енгізілді. Сай­лауалды бағдарламаның басты ба­ғыттары бойынша 12 партиялық куратор бе­кітіліп, биыл осы оңтайлы тәжірибе облыстық мәслихаттарға да енгізілді. Нәтижесінде, аталған мәслихаттардағы партиялық кураторлар саны 170-ке дейін жетіп отыр.
Елбасының стратегиялық бағдар­ла­малары мен тарихи бастамаларына елі­міз­дегі барлық демократиялық күштерді мо­билизациялау үшін «Нұр Отан» пар­тиясы «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық коа­лициясының жұмысын тұрақты негіз­ге көшірді. Биылдың өзінде коалиция елі­міздегі 5 жетекші саяси партияның, көп­теген қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен Президент ұсын­ған Үш жаңғыруға бүкіл қоғамды жұ­мылдыру мақсатында арнайы оты­рыс­тар өткізді. Соның нәтижесінде, қазақ қо­ғамының саяси тұрақтылығы мен қо­ғам­дық келісімнің беріктігін айқын көр­сеткен Үндеулер қабылданды. Одан бө­лек, жалпыұлттық консолидацияға жету жо­лында партия бүгінде Қазақстан
хал­­қы ассамблеясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен үшжақты ынтымақтастықты орталық және өңірлік деңгейге дейін үйлестіре жүргізуде.
Партияның жастарға тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған бастамалары да айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Бүгінде «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге жастарға арналған «Сәтті қадам», «Нұр арман» және «Нұр интекс» жо­ба­лары сәтті жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойын­ша өткен жылы Ұлттық бірыңғай тес­тілеуге қатыспаған немесе жеткілікті балл жинай алмаған 52 мыңнан астам мек­теп бітіруші «Нұр Отанның» қам­қор­лығымен кәсіптік білім беру және жұ­мыс­қа орналастыру арқылы түгелдей ең­­бекпен қамтылды. Биылғы мектеп бі­тірушілері арасындағы 55 мыңнан астам түлек те дәл осындай қамқорлыққа алын­ған. Жастарға арналған аталған жо­ба­лар­дан бөлек, «Кедергісіз келешек», «Ар­да­гер­лерді ардақтайық!», «Бақытты от­­­басы – бақытты балалық шақ» сияқты әлеу­меттік бағыттағы тағы 9 партиялық жоба жемісті жүзеге асырылуда.
Елбасының тапсырмасына орай, ор­талық және жергілікті деңгейде 3 052 пар­тия мүшесінен тұратын партиялық ре­зерв жасалып, оның нақты жұмыс жос­пары бекітілді. Партияның орталық пен өңірлердегі қоғамдық қабылдауларының жұмысы жаңа форматқа көшіріліп, өтініштер skype, whatsApp және элект­ронды почта арқылы да қабылдана бас­тады. Еліміздің кез келген өңірінен ин­тернет-коммуникациялар арқылы пар­­­­­тияға шығу мүмкіндігі туды. Соның нәтижесінде, тек кейінгі 10 ай ішінде 190 мың адам партияға өтініш түсірді. Оларды шешу үшін партияның қоғамдық қа­былдауына нұротандық депутаттармен қатар министрлік басшылары да келіп, қа­рапайым халықтың көкейіндегі сұрақ­тарға жауап берді. Ең бастысы, қазірдің өзінде сол өтініштердің 96 пайызы оң ше­шімін тапты.
Ел сенім артқан еліміздегі басты сая­си күш – «Нұр Отан» партиясының жыл басынан бері атқарған игі істерінің бір парасы ғана. Алдағы уақытта да Ел­басымыздың барлық тапсырмасы мен стра­тегиялық бағдарламаларын табысты жүзеге асыру жолында бас партия көңіл қуантарлық бастамаларды қолға алары анық.
Сонымен қатар партия Саяси кеңесі­нің кеңейтілген отырысында Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Г.Исим­баева, Алматы облысының әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы А.Баталов, Павлодар облысының әкімі, пар­тия облыстық филиалының төрағасы Б.Бақауов, Атырау облысының әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Н.Ноғаев, Оңтүстік Қазақстан облысы­ның әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Ж.Түймебаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі, партия облыстық фи­лиалының төрағасы А.Күлгінов, Сол­түстік Қазақстан облысының әкімі, пар­тия облыстық филиалының төрағасы Қ.Ақсақалов, «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қазақстан халқы ас­самб­леясы төрағасының орынбасары С.Вишняк, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ди­ректоры, облыстық мәслихаттың де­путаты Ж.Мұхамбетпайызова баяндама жа­сады.
Еламан ҚОҢЫР


Гүлмира ИСИМБАЕВА,
Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:
– «Нұр Отан» партиясының Мә­жілістегі фракциясы құ­рыл­ған күннен бастап, Елба­сы­мыз­дың тәуелсіз Қазақ­ста­ны­мыз­ды өркендету жо­лын­дағы маңызды міндеттерін жүзеге асыруға бел­сене араласып келеді. Әсі­ре­се, Мемлекет басшысының демократиялық даму жо­лын­да заң үстемдігін күшейту бойынша жүктеген нақты мін­дет­тері Мәжіліс депутат­тары­ның жауапкершілігін бұрын­ғыдан да арттыра түсті. Осыған орай, біз Елбасы бел­гілеп берген «Қазақстан – 2050» стратегиясын, «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспарын, соны­мен бірге, алтыншы сай­ланған Парламент Мәжілісі фрак­циясының бірінші жи­налысында жүктеген тап­сырмаларды сапалы заңмен қам­тамасыз ету үшін жан-жақты жұмыс атқарып келеміз.
«Нұр Отан» партиясының фракциясы әрқашанда Ел­басымыздың елімізді дамыту жолындағы стратегиялық мақ­саттарының сенімді тірегі болып келеді. Алдағы уа­қытта да солай болып қала береді. Сондықтан біздің фрак­ция депутаттары Президент тапсырмаларын сапалы заң­дармен қамтамасыз етумен қатар, оның тиімділігі мен ық­палын арттыруда барлық күш-жігерін жұмсайтын бо­лады.

Амандық БАТАЛОВ,
Алматы облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы:
– «Нұр Отан» партиясының Ал­маты облыстық филиалы Сай­лауалды бағдарламада көр­сетілген Елбасымыздың бар­лық тапсырмаларын уақы­тын­да әрі сапалы орындауда. Мем­лекет басшысы облысқа кел­ген сапарында ауыл шаруашылығын, осы саладағы ша­ғын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар ау­даруды тапсырған болатын. Ол үшін Елбасымыз ауыл шаруашылығын өркендетуге барлық жағдай жасады. Дәнді, майлы дақылдарға элиталы тұқым сатып алуға, асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға, жаңа тех­ника алуға мемлекеттен миллиардтаған субсидия бөлгізді. Со­ған орай аграрлық секторды дамыту мақсатында об­лыста тек кейінгі 1,5 жыл ішінде 11 мың шағын ауыл­шаруа­шылық өнімдерін өндірушілердің басын қосқан 137 кооператив құрылды. Нәтижесінде, облыс бойынша аг­рарлық сектордағы кәсіпкерлер саны 30 пайызға дейін ар­тып, 280 мың адамға жетті.
Елбасымыздың ұдайы қамқорлығының арқасында об­лысымыз қызылша өсіруден бұрынғы атақ-даңқына қай­та қол жеткізді. Биыл 900 мың гектарға қызылша егіп, 350 мың тонна өнім алдық. Бұл соңғы 20 жылда болмаған ре­кордты көрсеткіш. Өңіріміз 35 мың тонна таза қант өн­діріп, облыстық сұранысты толық қамтамасыз етті. Ке­ле­шекте бүкіл елімізді қантпен қамтамасыз ету жолында жұмыс істеудеміз.

Нұрлан НОҒАЕВ,
Атырау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы:
– «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы пар­тияның Сайлауалды бағ­дар­ламасына сай Респуб­ли­ка­лық желілік графикте көр­се­тілген барлық іс-шараларды дер кезінде атқаруда. Облыста 9 ай ішінде 2,7 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, бұл көрсеткіш бойынша өңіріміз респуб­ликамызда ең алдыңғы қатарға шықты. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған кәсіпорындардың толық қуатқа шығуына байланысты өнеркәсіп өнімдерін өңдеу 10 пайызға артты.
Елбасының тікелей басшылығымен ашылып, Eni, Total, ExxonMobil және тағы да басқа әлемдегі ең алып мұ­най компанияларының қатысуымен миллиардтаған дол­лар инвестиция тартылған «Қашаған» кен орнында 7 мил­лион тоннадан астам мұнай өндірілді. Облыс эко­номикасының қарыштап дамуы халықтың да әл-ау­қа­тының артуына қол жеткізді. Нәтижесінде, облысымыз-дағы орташа жалақы мөлшері 266 мың теңгеге жетіп, облыс бюджетінің орындалуы 108 пайыздан асты.

Болат БАҚАУОВ,
Павлодар облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы:
– «Нұр Отан» партиясының Пав­лодар облыстық филиалы Елбасымыздың барлық тап­сыр­маларын уақытында орын­дауда. Жыл басынан бері облыс эко­номикасы қарқынды да­мып, жалпы өсім 6 пайызды құра­ды. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 105 пайызға дейін өсті. Ертіс өңірінде биыл 30 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланса, бұл көрсеткіш 2 есеге дейін артығымен орындалып, кооперативтер саны 59-ға жетті. Павлодар облысы 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесін 100 пайызға орындады.
Өткен жылы және биыл мектеп бітірген түлектер түгел­дей жұмыспен, кәсіппен қамтылды. Биыл павлодарлық мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша республикадағы екінші көрсеткішке қол жеткізді.
Бүгінде облысымызда осыдан 6 жыл бұрын Елба­сы­мыздың Жарлығымен ашылған «Павлодар» арнайы эко­номикалық аймағы табысты жұмыс істеп тұр. Осы жыл­дар ішінде АЭА-ға отандық және шетелдік инвесторлар тара­пынан 50 млрд теңге қаражат салынып, 1000-нан ас­там жұмыс орны ашылды. Қазірдің өзінде аталған аймақта 6 кәсіпорын толық жобалық қуатына шықты.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ,
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
– «Атамекен» кәсіпкерлер па­латасы өткен жылы «Нұр Отан» партиясымен өзара ын­ты­мақтастық туралы арнайы ме­морандумға қол қойып, бар­лық партиялық жобаға кәсіп­керлерді кеңінен қатыс­тыруда. Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы «Атамекен» пала­та­сының бастамасымен «Кәсіпкерлік және бизнес негіз­дері» оқу бағдарламасы жобасын ұсынғанбыз. Келесі жыл­дан бастап бұл элективті пән 10-11-сыныптарда оқы­тылатын болады. «Атаме­кеннің» бастамасымен оқулық жазылып, арнайы портал жа­салуда. Еліміздегі колледждер мен жоғары оқу орын­дарында жыл сайын миллионға жуық азамат білім алады, олардың 40 пайызы мемлекет есебінен оқиды.
Жыл сайын жоғары оқу орындарда 130 мың диплом жұмысы қорғалады. Олардың басым көпшілігінің тәжірибелік құндылығы жоқ. Сол себепті дипломдық жұмыстарды нақты стартап-жобалармен алмастыру қажет деп есептейміз. Бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында нақты ұсыныстарымыз бар. «Нұр Отан» партиясының басшылығымен кәсіби біліктілікті дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрып, үйлестіруші орган ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығын ұсынып отырмыз. Мұндай тәжірибе Германия, Түркия сияқты елдерде бар. Алдағы уақытта «Атамекен» «Нұр Отан» партиясымен бірге осы бағыттағы Елбасы берген тапсырмаларды нақты әрі сапалы орындау жолында жұмыс істейді.

Сергей ВИШНЯК,
Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары:
– Мемлекет басшысының өзі төрағалық ететін Қазақстан халқы ассамблеясына деген халықтың сенімі өте жоғары. Оның жарқын мысалы ретінде ассамблеяның Мәжілісте де­путаттық тобының жұмыс іс­теуін айтуға болады. Бейбітші­лік пен келісімнің қазақстандық нұсқасын бүгінде бүкіл әлем зерттеп, қызығушылық танытып отыр. Тіпті БҰҰ сияқ­ты әлемдегі жетекші институттардың өзі жоғары ба­ғасын берген. Ассамблея өкілдерінің басым бөлігі «Нұр Отан» партиясының мүшесі екенін ерекше атап өткен жөн. Сондықтан екі институт әрдайым бірлесіп жұмыс істеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың одан әрі нығаюына үлкен үлес қосып келеді. Бұл жұмыстар 2016 жылы екіжақ­ты меморандумға қол қойылғаннан кейін бұрынғыдан да жандана түсті.

Жеңіскүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, Ақтөбе көлік,
коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры:
– Өткен жылы облысы­мыз­да мектеп бітірген 6419 түлектің 2502-сі Ұлттық бірыңғай тес­тілеуден сырт қалды және шек­тік деңгейге жете алмады. Ті­ке­лей Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асыры­лып жатқан «Сәтті қадам» партиялық жобасы бойынша олар­дың барлығы партияның қамқорлығына алынып, нә­тижесінде 2122 жасқа жоғары оқу орындары мен кол­ледждерде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік туды.
Биыл 6566 түлек мектеп бітірді. Соның ішінде аталған сынақтан сүрінген және мүлдем қатыспағандар саны – 2442. Партиялық жоба аясында олардың 2186-сы кәсіби білім­ді таңдаса, 135 жас жұмысқа орналасты. Міне, осы­лайша Елбасымыздың дер кезінде берген бір тапсыр­ма-
сы – мектепті енді ғана бітірген мыңдаған жас­тың ар­манына қанат бітіріп, өміріне нұрлы жол ашты. Кейінгі жылдары облысымызда осы заманға сай 78 мектеп пен 307 бала­бақша салынды. Тек биылдың өзінде 14 жаңа мектеп бой көтеріп, 65 балабақшаның құрылысы басталды. Со­лардың 34-і бүгінде пайдалануға берілді. Білім саласында дәл мұндай қамқорлық Ақтөбе облысында ешқашан болған емес.

Бөлісу:

Пікір жазу


*