Әр салада бірлескен жұмысқа шақырды

551
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Халықтық Скупщинасының төрағасы Майя Гойковичпен келіссөз жүргізді. Онда тараптар екіжақты негіздегі және халықаралық ұйымдардағы парламентаралық байланыстарды, сондай-ақ саясат, сауда-экономикалық, көлік және индустрия-инновация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан мен Сербияның ара­сын­дағы ынтымақтастықты дамы­тудағы мемлекет басшыла­рының кездесулері мен келіссөз­дерінің шешуші маңызын атап өтті. Жүздесушілер екіжақты кешенді байланыстарды нығайту үшін парламентаралық өзара іс-қи­мылдың ерекше маңызына қа­тысты ортақ пікірге келді. Депу­таттық достық топтарының желісі бойынша парламентаралық бай­ланыстарды өрістету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қ.Тоқаев Астанаға алғаш рет қадам басқан М.Гойковичті Қазақстанда Мемлекет басшы­сының бастамасы бойынша жүзеге асқан экономикалық және саяси реформалардың барысы туралы хабардар етті.
– Реформалар – біздің Прези­дент Н.Назарбаевтың берік ұста­нымы, ол іс жүзінде әлемдік ау­қым­дағы көрнекті реформатор болып саналады, – деді Сенат төрағасы.
Еліміздің инвестициялық заң­намасы және экономикалық жос­парларымен жүздесушіні таныс­тыра келіп, Қ.Тоқаев сербтің биз­нес өкілдерін Қазақстандағы жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сенат басшы­сының пікірінше, ауыл шаруа­шылығы, құрылыс, туризм және көлік-логистика салаларындағы ынты­мақтастық екі жақтың да ықыласын туғызатын болады.
Тараптар талқыланған мәсе­лелер бойынша көзқарас­тардың ұқсастығына тоқтала келіп, халық­аралық салада бір-біріне қолдау білдіруді жалғастыру жайында айтты.

Дайындаған Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*