Еуразия бүкіл әлемді біріктіруге қабілетті

617
0
Бөлісу:

Халықаралық лаңкестік апаттық ауқымға жетті және әлемді Үшінші Дүниежүзілік соғыс жағдайына әкеліп тіреді. Бұл туралы Astana Club-тың үшінші отырысына қатысып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Президент қоры ұйым­дастырған Астана клубының жиынына «Үлкен Еуразия – 2027: егесу немесе әріптесу» тақырыбы арқау болды.
Биылғы жылы клуб отырысына әлемдегі 29 елден 60-тан астам қатысушы жиылды, олар­дың арасында есімдері әлемге мәлім биік лауазымды саясаткерлер, бұрынғы мем­лекет басшылары, дипломаттар және же­текші сарапшылар бар.
Өз сөзінде Елбасы еуразиялық кон­ти­нент болашағының өзекті мәселелерін кең ауқымды сарапшылық форматта талқылауға ар­налған өңірлік алаң ретінде Астана клу­бы­ның бірегейлігін атап өтті. Н.Назарбаев осы клуб қызметі аясында қазіргі заманның ең көкейкесті проблемаларына жауапты тиім­ді іздеуге назар ау­дарт­ты.
– Біз соңғы уақытта әлемге өте қатты же­тіспей тұрған жаһандық міндеттерді ше­шу үшін қажетті бірігу, тұтасу және толе­рант­тылықты әкелуге тырысып жатырмыз. Қа­зақстандық дипломатияға диалог, ымыра жә­не өзара тиімді әріптестік философиясы тән. Мұны Сирия бойынша арағайындық күш-жігерлерімізден, антиядролық бас­та­ма­ларымыздан, мәдениеттер мен өркениет­тер арасындағы диалогқа үлес қосуымыздан, әлеуметтік-экономикалық күн тәртібін тү­зуімізден көруге болады, – деді Елбасы.
Н.Назарбаев әлемдегі геосаяси және идео­логиялық ара-жіктердің тереңдей түс­кенін және бұл халықаралық қарау – күш­терді қуат­тандыратын ортаның өркен жаюына ық­пал ететінін нұсқады.
– Жаһандық дамудың жаңа архи­тек­тура­сын түзу Шығыс – батыс сызығы бойын­ша геосаяси, геоэкономикалық және геои­деологиялық екіге жарылудың терең­деуі жағдайында жүруде. Саяси репрес­сия­лар, қайыршылық, білім беру мен денсаулық сақ­таудың төменгі деңгейі – халықаралық тер­роризм мен экстремизм үшін қорек­тен­діру­ші орта. Өңірлік және халықаралық қауіп­сіздіктің қолданыстағы жүйелері оқи­ға­лардың өрбу динамикасына жауап бере ал­май отыр. Ол ескі проблемаларды шеш­пей­ді, жаңа проблемалардың пайда болуына тос­қауыл қоймайды, – деді Мемлекет бас­шысы.
Бұған қоса, Н.Назарбаев санкциялық со­ғыстар әлемдік экономикалық және тех­но­логиялық кеңістіктің бөлшектенуі қа­те­рін әкелетінін атап көрсетті.
Президент сондай-ақ милитаристік көңіл-күй­лердің артқанына, қару-жарақ жары­сы­ның өрістегеніне, жаһандық шиеленістің кү­шеюіне түрткі болатын ядролық қаруды қол­дану қаупінің қайта бас көтергеніне на­зар аудартты. Бұл ретте Елбасының байла­мын­ша, «халықаралық терроризм мен экст­­ремизмнің таралуы апаттық ауқым алды».
– Үшінші мыңжылдық басталғалы бері, те­рак­тілердің де, сондай-ақ олардан қаза тап­қандардың да саны он есеге артты. Тер­рор­лық шабуылдар 104 елде болды, бұл – бү­кіл әлемдегі мемлекеттердің тең жарты­сы­нан астамы. Географиясы мен ауқымы бойын­ша біз шартты түрде алғанда, Үшінші Дү­ниежүзілік соғыстың – террорға қарсы со­ғыстың жағдайында тұрмыз! – деп нық­тады Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы ба­­қылаусыз жаһандық көші-қон пробле­ма­сына жеке тоқтала кетті. Оның мәліметінше, соңғы 25 жылда халықаралық мигранттар­дың саны әлемде екі есе ұлғайған және олар­дың қатары бүгінде 250 миллион адам­нан асты. Ғаламшар тұрғындары санының өсуі аясында, азық-түліктік ресурстарының шек­телуі мәселесі айрықша өзектілікке ие болуда.
Президент бұл түйткілдердің түйінін тар­қату үшін Еуразия қауіпсіздік, экономи­ка­лық өсім және диалог саласында баршаны бі­ріктіретін күн тәртібін ұсынуға қабілетті екендігін атап өтті.
Н.Назарбаевтың байламынша, «Бір бел­деу, бір жол», Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымының эко­­номикалық өлшемі, «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасы және басқа да жобалардың бас­та­ма­ларын жүзеге асыру еуразиялық кон­­ти­­нент­тің тұғырлы түрде жаңа геоэ­­ко­­номикалық конфигурациясын құруға мүм­кіндік береді.
Сөзін түйіндей келе, Мемлекет басшысы Астана клубы аясында өткен пікірталастар жаһандық орнықты даму мақсатында ары қарайғы нақты шешімдерді түзуге сеп­те­сері­не сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қа­зақ­стан мен Ресей арасындағы достық пен ын­тымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Первый Канал» ак­цио­нер­лік қоғамының бас директоры Конс­тан­тин Эрнстты ІІ дәрежелі «Достық» орде­ні­мен марапаттады.

 

Айхан ШӘРІП

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*