Мемлекет басшысына алғыс айтты

814
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Қа­зақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтас­тығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы мұнай-газ сала­сына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уот­сонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.
– Қазақстан «Шеврон» компа­ниясы­мен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті.
Джон Уотсон Қазақстан мен «Шев­рон» компаниясының ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оны ары қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүм­кіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айынан бастап, компанияның бас атқарушы ди­ректоры қызметін атқаратын Майкл Виртті таныстырды.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*