Қазақ әскерінің айбыны асқақ

1109
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті әскери қыз­метшілерді әлеу­меттік тұрғыда қамта­масыз ету шараларының жүзеге асы­ры­луына ерекше назар аударып, осы бағыт­тағы жұмыс­тарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Қорғаныс министрі Мемлекет бас­шысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді.
Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елба­сыға жалдамалы тұрғын үй мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тетік­терін пайдалану арқылы әскери қызметші­лердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді.
Сондай-ақ Қорғаныс министрі Мем­­­лекет басшысына Қазақстан ар­миясын материалдық-техникалық тұр­ғыда жаб­дық­тау және 2017 жылы ел жас­тарын әс­кери-патриоттық рухта тәр­биелеу ба­ғы­тында атқарылған жұ­мыстар жөнінде мәлімет ұсынды.Кез­десу қорытындысы бойынша Қа­зақстан Президенті бір­қатар нақты тап­сырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*