Мәжіліс қызметі маңызды

826
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Нұрлан Нығ­мату­лин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.
– Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқа­ралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды, – деді Н.Нығматулин.
Кездесу соңында Елбасы Қазақстан­ның үшінші жаңғыруы үрдісін уақытылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*