Испан сәулетшісін қабылдады

679
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті.

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мем­лекет басшысына Қа­зақстанға келіп, елор­да­ның сәулет нысандарымен жақынырақ та­нысу­ға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Астана бірегей сәу­ле­тімен және өмір сүру үшін жа­салған қолайлы­лы­ғымен ғана емес, сондай-ақ қайталанбас ат­мос­фера­сы­мен ерекшеленетінін атап өтті.
– Елордада тұрғысы келетін адамдардың са­ны артып келеді. Қала хал­қының саны бір мил­лионға жақындады. Келесі жылы біз Ас­та­наның 20 жыл­дығын атап өтетін боламыз, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сантьяго Калатрава – таны­мал испан сәулетшісі және мүсін­шісі. Ол – әлем­нің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік ны­сандардың авторы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*