Елбасы ауылында музей ашылды

1051
0
Бөлісу:

Тұңғыш Президент мерекесі күнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды. Салтанатқа жиналған ауыл тұрғындары да, алыстан ат арытып келген меймандар да көп болды. Арнайы концерттік нөмір дайындалып, шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен белгілі кәсіпкер Болат Назарбаев қатысты.

Орталықта Елбасының өмір жолы то­­лық­тай көрініс тапқан. Музей ішін аралау ар­қылы Елбасының өмір, шы­ғармашылық, еңбек және сая­­си жо­лымен ер­кін танысуға бола­ды. Бұл кейінгі жастарға ру­хани әрі пат­риот­тық тәрбие берері сөзсіз. «Ата­­­ме­кен­де» орналастырылған көп­теген экс­по­наттар мен кітаптар, құ­жаттар, фо­­то­материалдар Тұңғыш Пре­зидент қо­ры­на­н, Тұң­ғыш Пре­зи­дент кітап­ха­насынан, Тұң­ғыш Пре­зи­дент му­зейі­нен, Ұлттық кітап­ха­на­дан, Ша­малған музейінен, Қарасай ау­­дандық тарихи-өлкетану музейінен әке­лініп, жинақталған.
– Бұл музей Елбасының ғана өмір жо­лы емес, тәуелсіз Қазақстанның ше­жіресі іс­пет­ті. Болған әрбір оқиғаға осы музей экс­по­наттары жауап беріп тұр­ғандай. Музейдің та­ғы бір ерек­ше­лігі – Шамалған ауылының өте жақ­сы, ың­­ғайлы жерінде орналасқан, – деп пі­­кір білдірді Президент кең­се­сінің бас­­­шысы Махмұд Қасымбеков.
«Атамекен» тарихи-мәдени ор­талығына кіре бергенде қонақтарды мү­сін­ші Шәміл Қо­жаханов жасаған қола композиция күтіп ала­ды. Ор­талық ішінде мұндай сипаттағы түр­лі мүсіншілер, макеттер жетерлік. Олар­­дың барлығы егемен еліміздің та­рихынан, Елбасының кемел саяса­ты­нан сыр шертеді. Облыс әкімі Аман­дық Ғаббасұлының ай­туын­ша, алда­ғы уақытта «Атамекен» орта­лы­ғы­ның аясы кеңейіп, қатары тағы да то­­лыса түспек.
– Бүгін Елбасының туған жерінде үл­кен қуаныш болып жатыр. Жер­гілікті биз­нес­мен­дердің, тұрғын­дар­дың, құрылыс­шы­лар­дың қосқан үле­сінің арқасында осы ғимарат са­лын­ды. Бұл жерден Елбасы жасаған елеу­­лі еңбектерді көріп, тамашалауға мүм­кіндік мол. Болашақта орталық жас ұрпаққа тәлімі мен тәрбиесін бе­ретін мәдени ошаққа ай­на­лады деп се­немін. Әлі бұл ғимараттың жа­ны­нан саябақ бой көтереді, басқа да құры­­­лымдар салынады, сондықтан ке­­ле­шек­те бұл орталық үлкен ме­мо­риалдық ке­­шенге айналмақ, – деді об­лыс әкімі Аман­дық Баталов.

Келушілер хронологиялық реттілікпен орналасқан 4 залды тамашалап, Елба­сының мем­лекет дамуына, Қа­зақстанның ха­лық­аралық аренадағы беделінің биіктеуіне қос­қан ерен үлесін, экономика, әлеуметтік сала, саясаттағы еңбегіне терең бойлайды. Бі­рінші зал – Елбасының бала және жа­сөс­пірім шақ­тағы өмір жолына тиесілі. Екінші зал – одақтық республика кезіндегі және Пре­зиденттің алғаш мемлекет басшылы­ғы­на келген сәтін сипаттап тұр. Үшінші зал – толықтай дерлік Елбасының тәуелсіз Қа­зақстанның аяқтан тұруы үшін жасаған ең­бегін баян етіп, Президент атқарған іргелі іс­терді ұсынады. Төртінші залға бас сұғып, Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас­шы­лығымен өткізілген саммиттер мен халық­ара­лық жиындар, EXPO – 2017 көрмесі, Дү­ниежүзі қазақтарының құрыл­тайы сын­ды шаралардың материалда­рымен таныса ала­сыз.
Кеңес Байбосынов ақсақал – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы. Пре­зидентпен бала күннен бірге өсіп, бірге ер­ жеткен Кеңес аға, музейді көріп, жастық ша­ғыма саяхат жасағандай болдым дейді.
– Мынадай музейдің ашылуы керемет әсер қалдырып отыр. Егемен еліміздің, Ел­басымыздың даңғыл жолынан хабар береді, адамды өз тылсымына тартып, жетелеп әкетеді. Әсіресе, музей ішінен өзіміздің ба­ла кезіміздегі суреттерді көріп, көңіліміз тол­қып тұр. Орталықтың ішін аралап шы­ғып, балалық шағымыз еске түсіп, кино лен­тадай көз алдымыздан сырғып өтті. Біз Нұрсұлтанмен кішкене күнінен бірге, тай-құлындай тебісіп өстік. Ол сол кездің өзінде көшбасшы болды. Бәрімізді бір ортаға ұйыстырып, әрқашан алға бастап жүретін. Сондықтан оның кейін ел басқарып, Пре­зидент болуы да ешқандай кездейсоқтық емес, әбден заңды нәрсе. Му­зейдің іші өте бай, экспонаттар өз орны­мен, өз ретімен орналастырылған екен. Ел­басы бізді ешқашан ұмытқан емес. Уа­қыты болып жатса жылына бір рет, кейде екі жылда бір мәрте бізбен кездесіп, арқа-жар­қа болып қайтамыз, – дейді Кеңес Бай­босынов.


Сондай-ақ орталықта Елбасы туралы бір­қатар авторлардың да жарқын еңбектері сам­сап тұр. Ұйымдастырушылар жасаған та­ғы бір тосын сый – Елбасының автокөлігі. Пре­зидент 2000 жылдардың бастапқы ше­нінде мінген үкіметтік автокөлік те «Ата­ме­кен» орталығының қарауына беріліп отыр.
– Бүгін біз тарихи мәні бар оқиғаның куә­сі болдық. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрғыдан жедел дамыған мемлекет қа­лыптастырып, беделімізді биіктетті. Ел­ба­сы сияқты тарихи тұлға жастар үшін та­ма­ша үлгі, – деді Тұңғыш Президент қо­ры­ның атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*