Бас мүфти сайланды

858
0
Бөлісу:

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі сайланды. Бұл кезекті VIII құрылтай барысында белгілі болды. Жиынға қатысқан 300-ден астам делегат Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Бұл қызметті Бас мүфти енді 4 жыл, яғни 2018-2022 жылдар ара­лығында атқарады. Жиын бары­сында сонымен бірге, орынбасар­лардың тағайындауы болды. Бас мүфтидің орынбасарлары лауазы­мына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Әділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды.
Құрылтайға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, ҚМДБ Төралқа мүше­лері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкіл­дері, сондай-ақ әр аймақтан кел­ген құрылтай делегаттары қа­тыс­ты. Еліміздің бұрынғы Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы атқарған жұмыстарының есебін берді. Ол бұл қызметті 2013-2017 жыл­дар аралы­ғында атқарған бо­латын.

Бөлісу:

Пікір жазу


*