Партия белсенді азаматтарды мадақтады

298
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні – еліміздің тәуелсіздігін, егеменді, құқықтық мемлекет ретінде қарқынды дамуын бейнелейтін елеулі күн.  Дәстүр бойынша, «Нұр Отан» партиясының филиалдары мерекенің қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын нығайтуға үлес қосқан партияның белсенді мүшелерін атап өтеді.
Осындай іс-шаралардың бірін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы филиалы ұйымдастырды. Оған партияның аудандық филиалының төрағасы Татьяна Шатохина, партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алма Бектұрова, соғыс және еңбек ардагерлері, бизнес-ұйымдардың басшылары, мемлекеттік, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Салтанатты жиналыс барысында Татьяна Шатохина: «Біздің қоғамымыздың белсенді мүшелерінің арқасында республикамыздың негізін құрайтын құндылықтар  сақталады. Мен ақсақалдарымызға – соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, еңбек ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздер өмірлік тәжірибелеріңізбен, кеңестеріңізбен келісім мен бейбітшілік идеяларын насихаттап жастардың тәрбиесіне зор үлес қосасыздар» – деді.
Кездесуге қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдары туралы естеліктерімен бөлісті, Президент саясатына қолдау білдірді.
Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар Татьяна Шатохинаның қолынан белсенді азаматтық ұстаным мен ауданның дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хат алды.
Лəззат Қожахметова,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*