Жауапкершілікті сезінді

135
0
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы жаңа мүшелермен толықты. Бұл шара ел Тәуел­сіздігіне орайластырылды.
Партия қатарына қабыл­данғандардың арасында мемлекеттік қызметкер­лер, қоғам өміріне атсалысып жүрген белсенді жастар мен телевизия саласының ардагері Николай Баймұқашев бар.

Жиында сөз алған партия­ның облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Серік Сүлеймен «Нұр Отанның» мүшесі атану жауап­ты іс екеніне тоқталып, Пар­тиялық Доктрина мен билет­терді табыстады.
– Тәуелсіздік мерекесі қар­саңында Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік ететін ықпалды партияның қатарына кіріп, мүшесі атанғаным – үлкен мәртебе әрі жауапкер­шілік. Сондықтан жасым 79-ға келсе де сенімді ақтауға бар күш-жігерімді саламын, – деді 40 жыл телевизия саласында жұмыс істеген Николай Дүйсен­ғалиұлы.
«Жас Отан» Жастар қана­тының белсендісі Зарина Ықсанова:
– Тұғырлы тәуелсізді­гі­міздің 26 жылдығы қарсаңында Елбасы бастаған «Нұр Отан» партиясына қабылдану – қуа­нышты сәттерімнің бірі. Пар­тия – еңбекқорлардың, өмірге деген қызығушылығы өте зор адамдардың партиясы. Біз – жастар Елбасыны қолдаймыз! Осы жолда жемісті еңбек етеміз, – деді.
Айта кетейік, Батыс Қазақ­стан облысында «Нұр Отан» партиясының 34 231 мүшесі, 275 бастауыш партия ұйымы бар.
Назгүл ҚОЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*