Партия мүшелерінің қатары артты

196
0
Бөлісу:

Тәуелсіздік күні қар­саңында Қазақ ұлттық Аграр­лық университетінің 25 үздік қызметкері
«Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырып, мү­шелік куәліктері сал­та­нат­ты жағдайда табыс етілді.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған сал­танатты жиынға «Нұр Отан» партия­сы­ның Алма­ты қалалық филиалы төраға­сының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев және «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық фи­лиалы төрағасының орынбасары Меруерт Мұқанова қатысты.

Мерекеге арналған салтанат­ты жиынды университет рек­торы, Ұлттық ғылым академия­сының вице-президенті, ака­демик Ті­лектес Есполов ашты.
– Тәуелсіз елдің сенімді тұ­ғыры – халықтың бәсекелік қа­бі­леті мен өршіл рухы, жасам­паз жігері мен кемел санасы. Бұл құдіреттің мәні мен болмысын Елбасы­мыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаң­ғыру» мақала­сынан жақсы біле­сіздер. Жаңа әлем­дегі жаңа Қа­зақ­станның бүгінгі табыс­та­­рының кілті ел бір­лігінде, ұлттардың тату­лы­ғында жатыр. Қазақстан үшін тәуелсіз­діктің әр күні – парасат пен пайымға толы.
Біздің ұжым Тұңғыш Прези­дентіміз бен «Нұр Отан» партия­сының сенімді көмекшісі болған және болып қала береді.
– Университетіміздегі баста­уыш партия ұйымында мыңға жуық адам – «Нұр Отан» партия­сының мүшесі. Бүгін жаңа толқын­мен толығамыз. Демек, күшке – күш, ойға – ой, ізде­нісімізге – ақыл мен қайрат қосы­лады. Ендеше, Тәуелсіздік кү­ніне орай «Нұр Отан» пар­тия­сының жаңа мүшелеріне партия билетін салтанатты түрде табыстауға рұқсат етіңіздер, – деді ректор.
Одан кейін Желтоқсанның куәгері, осы тақырыпты зерттеп, «Қазақтың желтоқ­саны» атты кітап жазған белгілі публицист Қайым-Мұнар Табеев мереке­мен құттықтау үшін және «Нұр Отан» партиясына жаңадан қабыл­данған мүшелеріне партиялық билетті салтанатты түрде тапсыру үшін ортаға ша­қы­рылды.
Университеттің 23 азаматына партия билеті салтанатты түрде тапсырылды.
Оқу ордасы жанындағы «Рухани жаң­ғыру» институ­тының дирек­торы, Ұлттық ғылым акаде­мия­сы­ның акаде­мигі, тарих ғылымда­рының докторы Хан­келді Әбжанов, «Нұр Отан» пар­тиясына жаңа қабыл­данған мү­шелері атынан Дария Саудабаева сөз сөйледі.
Жиын соңы мерекелік кон­цертке ұласты.

Жолдасбек ӘШІМХАНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*