Аталар аманатына адал боламыз

376
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға партия ар­дагерлері мен белсен­ділері, жас­отандықтар қатысты.

Кездесу барысында «Нұр Отан» пар­тиясы қалалық фи­лиалы төраға­сының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахма­нов жиылғандарды мерекемен құт­тықтап, Тәуелсіздік мереке­сінің маңы­зы мен мәніне тоқ­талды.
– Қазақстан халқы үшін Тә­уелсіз­діктің мәні де, мағынасы да, мазмұны да ерекше. Біздің тә­уелсіздік – ұлттық асқақ рух­тың ежелден азаттыққа ұмтыл­ғыш қасиеттің жемісі. Елі­міздің сан ғасырлық тари­хында біз небір сұрапыл соғыстар мен бейбіт өмірді көріп «мың өліп, мың тірілген», сан рет қисайып, талайды мойындата білген «қазақ» деген атпен тәуел­сіз­дікке жеттік. Бүгін тәуелсіздік жағда­йында, ата-бабалары­мыздың бізге азат мем­лекеттігі­мізді қайта қалпына келтіру, ел бірлігін күшейту аманаты Елба­сы­мен бірге іске асып, алға басу­дамыз, – деді Шәріп Әбдірах­манов.
Жиында Тәуелсіздік жыл­дардағы еліміздің, партиямыз­дың жеткен жетіс­тіктері, елдегі бірлік, тұрақтылық мәсе­лесі де сөз болды. Ардагерлер тәуелсіз­ді­гіміздің құндылығын жас ұрпақ сана­сына сіңірді.
Дөңгелек үстелді қорытын­дылаған қалалық партия фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Шәріп Әбдірах­манов Тәуелсіз еліміздің дамуы­на өзін­дік үлес қосқан партия белсенділерін алғысхатпен марапаттады.

Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*