Президент тапсырмасы орындалды

894
0
Бөлісу:

Сенат бюросының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады. Төраға депутаттардың заң шығару жұмысына оң баға беріп, қоғамда ықылас туғызған парламенттік тыңдаулар, дөңгелек үстелдер мен кездесулердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қ.Тоқаев Мемлекет басшысының Пар­ламенттің ІІІ сессиясының ашылуында айтқан тапсырмаларын депутаттардың орындағанын және еліміз үшін аса маңыз­ды кодекстер мен заңдар қабылдағанын айтты. Олардың қатарында Салық, Кеден және Жер қойнауы кодекстері, үшжылдық бюджет, құқық қорғау қызметінің про­цестік негіздерін жаңғырту, ақпарат және коммуникациялар туралы заңдар бар. Әкімшілік құқықбұзу­шы­лық туралы кодекске түзетулердің топтамасы енгізілді.
Спикер сенаторларды қабылданған заң­намалық актілердің мазмұны туралы жұрт­шылықты хабардар ету үшін 2018 жылғы қаң­тардың басына белгіленген ел аймақта­рындағы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.
Бюрода Сенаттың 2018 жылға арналған «Негізгі шаралар жоспары» бекітілді. Де­пу­таттар алдағы жылы Президент Н.Назар­баев­тың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жол­дауын іске асыруды заңнама­лық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратын болады. Сенатта алдағы жылы «Халық ден­саулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін іске асыру барысына, Қазақстан экономикасын дамытудағы банк секто­рының рөліне, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасының орын­далуына, сондай-ақ құ­қық қорғау қызме­тінің процестік негіздерін жаңғырту тақырыбына арналған пар­ламенттік тыңдаулар ұйымдас­тырылады.
Палатада заң шығару процесін жетілдіру мәселелері туралы, 2017 жылғы 22 қыркүйекте өткен орта білім беру жүйесінің проблема­ларына арналған парламенттік тыңдаулар ұсы­нымдарын іске асыру нәтижелері бойын­ша, сондай-ақ еліміздің «Жасыл эконо­микаға» көшу тұжырым­дамасының орын­далуы туралы үкіметтік сағат отырыстарын өткізу жос­парланды.
2018 жылы Сенат комитеттері еліміздің әр аймағында 15 көшпелі отырыс өткізетін болды. Одан басқа заңнаманы жетілдіру, мем­лекеттік және жекелеген салаларды да­мыту бағдарлама­ларын іске асыру мәсе­лелері бойынша депутат­тардың мем­ле­кеттік ор­гандар мен басқа да ұйымдардың басшы­ларымен 15 кездесуі мен 13 дөңгелек үстел өткізу Жоспарға еніп отыр.
Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту – Сенат қызметінің маңызды ба­ғыты. Депутаттар халықаралық парламен­таралық құрылымдардың және шет мем­лекеттердің заң шығару орган­дарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс топта­рын­дағы жұмыстарға қатысады.
Палатаның халықаралық қызметі сена­торлардың 2018 жылғы қазан айында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуында да көрініс табады.
Сенат бюросы 2017 жылғы 28 желтоқ­санға белгіленген Палатаның жылжабар отырысы­ның күн тәртібіне Түркіменс­танмен страте­гиялық әріптестік туралы шартты, Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді, Қазақстан мен Ирландия арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды бол­дырмау туралы үкіметаралық конвенцияны ратифика­циялау туралы заң жобаларын енгізуді ұсынды. Отырыста сондай-ақ «Қа­зақстан Республи­касындағы бағалау қызметі туралы», «Жәбір­лену­шілерге өтемақы қоры туралы» заң жобалары мен бірқатар заңдарға ілеспе түзетулер, сондай-ақ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау көзделіп отыр.
Бюрода Мәжілістен түскен заң жоба­лары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Әзірбай­жанмен ха­лықаралық автомобиль қатынас­тары туралы келісімді ратифи­кациялау ту­ралы заң жобасы бойынша бас комитет бо­лып белгіленді. Ирландиямен және Үндістан­мен табысқа салынатын салықтарға қа­тысты қосар­ланған салық салуды болдыр­мау туралы екіжақты келісімдерді ратифика­циялау туралы заң жо­балары қаржы және бюджет комитетіне тап­сырылды.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*