Атырау облысында қираған көліктің қасында мас күйінде жүрген полицейдің видеосы тарады
Атырау облысында қираған көліктің қасында мас күйінде жүрген полицейдің видеосы тарады
© 24.kz
Әлеуметтік желіде біреудің тас-талқаны шыққан көлігінің жанында "азаматтық" сырт киім мен полиция қызметкерінің шалбарын киіп жүрген ер адамның видеосы тарады. Ер адам ішімдік ішкеннен әзер тұр, сөйлеуге шамасы да жоқ. Кейін оның расында полиция қызметкері екені анықталды, – деп хабарлады Ақ Жайық.  Бейнежазба Жылыой ауданында түсірілген. Тәртіп сақшысы Жаңа Қаратон кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы екен.
 "Аталған факт бойынша қызметкер ішкі істер органдарынан жағымсыз себептермен жұмыстан босатылған", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Онымен бірге Жылыой аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы жұмыстан қуылды.