"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Алматы облысының таулы аймақтарында жел күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында бұршақ жауады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, облыстың таулы аймақтарында жел соғады. Түнде батыста, күндіз оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында жел күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жауады, облыстың оңтүстік-батысында жел күшейеді. Түркістан облысының таулы аймақтарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел соғады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін артады деп болжанды. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында күндіз қатты аптап ыстық болады. Қызылорда облысында, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.