UFC-де Жұмағұловтың жеңіле беруінің себебі айтылды
UFC-де  Жұмағұловтың жеңіле беруінің себебі айтылды
UFC файтері Дамир Исмағұлов белгілі спортшы Олег Тактаровтың сөзіне қатысты пікірін білдірді. Тактаровтың сөзінше, Жалғас Жұмғұлов жекпе-жекке екі апта қалғанда тым қарқынды дайындалып, зорығып қалады. Дамир де Жалғастың тым көп жаттығатынын айтады.
"Жалғас еңбекқор. Мүмкін аздаған үзіліс оған пайдалы болар. Спаррингтерде ол барын салады. Күшін үнемдеген дұрыс шығар. Жако қарсыластарының көбін жеңе алатын еді, бірақ, бір нәрсе дұрыс болмады. Факторлар көп. Ол мінезді жігіт, айқастардан бас тартпайды. Жалғас әлі өзін көрсетеді деген ойдамын", - дейді Исмағұлов "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында.